Page 51 - электрондык_окулык
P. 51
Кілттік ӛріс ретінде «Студенттің кодын» беріңіз. Ол үшін Для этого щелкните по полю
«Студенттің кодын» ӛрісін шертіп, одан соң саймандар панеліндегі батырмасын
шертіңіз немесе Правка– Ключевое поле командаларын орындаңыз. Кестені
Студенттер деген атпен сақтап, кестені жабыңыз.
2. Пәндер кестесін тӛмендегі 4-ші кестеге сәйкес жасаңыз.
4- кесте.
Ӛрістің аты Мәліметтер типі Ӛрістің ӛлшемі
Пән коды Сандық Бүтін
Пән аты Мәтіндік 30
Кілттік ӛріс ретінде «Пән кодын» беріңіз. Кестелер кейін форма режимінде
толтырылады. Кестені Пәндер деген атпен сақтап, кестені жабыңыз.
3. Бағалар кестесінің құрылымын тӛмендегі 5-ші кестеге сәйкес жасаңыз.
5- кесте.
Ӛрістің аты Мәліметтер типі Ӛрістің ӛлшемі
Студент коды Сандық Бүтін
Пән коды Сандық Бүтін
Бағалар Сандық Байт
Ескерту: Бұл кестеде кілттік қрісті жаудың керегі жоқ, ӛйткені мәліметтер қайталануы
мүмкін. Кестені Бағалар деген атпен сақтап, кестені жабыңыз.
Құрылымы анықталған бұл кестелер кейін форма режимінде толтырылады.
4. Мәліметтер схемасын құру, яғни кестелер арасындағы байланыстарды орнату.
Оқытушылар, Студенттер, Бағалар, Пәндер кестелерін ӛзара байланыстыру керек. Ол
үшін:
- Саймандар панеліндегі батырманы шертіп немесе Схема данных
командаларын орындаңыз, сонда экранда «Схема данных» терезі шығады;
- Саймандар панеліндегі батырманы шертіп немесе Связи– Добавить
таблицу командаларын орындаңыз;
- Пайда болған терезеде тек бір кестенің аты ғана тұрады. Щелкните по кнопке
<Добавить> батырмасын басып, келесі кестенің атын белгілеп, қайтадан
<Добавить> батырмасын басыңыз. Осылайша қалған кестелердің барлығын
экранға шығарып, схемаға қосыңыз.
- <3акрыть> батырмасын басып терезені жабыңыз;
- Енді Пәндер мен Бағалар кестелерінің арасындағы байланысты орнату керек.
Ол үшін курсорды Пәндер кестесіндегі Пән коды ӛрісінің атына апарып,
тышқанның сол жақ батырмасын шертіп, жібермей басқан күйі Бағалар
кестесінің Пән коды ӛрісінің атына апарыңыз, тышқан батырмасын босатыңыз.
Экранда «Связи» терезесі ашылады;
- Обеспечение целостности данных қасиетінің тұсына тышқанның сол жақ
батырмасын шертіп жалауша () орнатыңыз. Егер екі ӛрістің типтері бірдей
болмаса, бұл жалаушаны орната алмайсыз. Сондықтан олардың типтері бірдей
болуы керек.