Page 47 - электрондык_окулык
P. 47

Мәліметтердің  тұтастығы  (целостность)  Access  мәліметтер  басқару  жүйесінде
                  байланыстырылған  кестелердегі  жазбалар  арасындағы  байланыстарды  қолдау  үшін
                  қолданылатын  ережелер  жүйесін  білдіреді.  Мәліметтердің  тұтастығын  Пысықтау  үшін
                  мына шарттар орындалу керек:

                         -  Бір  кестенің  байланысқан  ӛрісі  кілттік  ӛріс  болады  немесе  қайталанбас  дара
                             индекс болады.

                         -  Байланысқан  ӛрістердің  мәліметтерінің  типтері  бірдей  болады.  Ескерту:
                             Алайда,  Санауыш  (Счетчик)  ӛрісі    сандық  ӛрісімен  байланыса  алады,  егер
                             сандық ӛрістің типі ұзын бүтін (длинное целое) болса.

                         -  Байланыстырылатын кестелер Access-тің бір мәліметтер қорында болуы тиіс.

                  Жаттығу жұмыстары:
                  1-жаттығу.  «Деканат» мәліметтер қорын жасау.
                  1.   Жаңа «Деканат» мәліметтер қорын жасаңыз. Жаңа мәліметтер қорын жасау үшін:
                         -  Access  программасын  жүктеп,  ашылған  терезенің  сол  жағындағы  «Жаңа
                             мәліметтер қоры» пунктын басыңыз;
                         -   «Жаңа  мәліметтер  қоры  файлы»  терезесінде  Файл  атауы  ӛрісіне
                             мәліметтер  қорының  атауы  ретінде  Деканат  атын  беріңіз  және  мәліметтер
                             қоры сақталатын ӛзіңіздің папкаңызды таңдаңыз.
                         -   Создать батырмасын басыңыз.
                  2.   Мәліметтер  қорының  кестесін  жасау.  Мәліметтер  қорының  кестесінің  алдымен
                  құрылымын (жобасын) жасайды. Оны  жасау үшін:
                         -      Ашылған  терезеде  «Мәліметтер  қоры»  терезесінің  сол  жақ  панелінде
                  Access  объектілерінің  (таблицы,  формы,  запросы,  отчеты,  макросы,  модули)  барлық
                  типтерін шақыру үшін басқару элементтері  орналасқан. Терезеден  жасалатын құжаттың
                  типін таңдау керек, сіз кесте жасайтын болғандықтан Таблицы бӛлімін таңдап,   Создать
                  батырмасын басыңыз.
                         -      «Жаңа  кесте  (Новая  таблица)»  терезесі  ашылады.  Оң  жағында  келесі
                  жұмыс үшін нұсқалардың тізімі берілген:
                         -      Мұнда бірнеше нұсқалар бар, соның ішінен сіз Конструкторды таңдап, ОК
                  батырмасын  басыңыз.    Ашылған  Конструктор  терезесінде  жасалынатын  кестенің
                  ӛрістерін 1-кестеге сәйкес анықтаңыз. Кестенің ӛрістерін анықтау үшін:
                         -  «Ӛрістің аты» бағанындағы жолға бірінші ӛрістің атын  Оқытушы_ коды  деп
                  енгізіңіз;
                         -  «Мәліметтер      типі»   бағанындағы      жолда    тізім   батырмасына       басып,
                  мәліметтердің Сандық (Числовое) типін таңдаңыз, ал «Ӛрістің ӛлшемін»  Общие- Целое
                  во вкладке деп анықтаңыз.
                         -  Оқытушы_коды  ӛрісін  кілттік  ӛріс  етіңіз.  Ол  үшін  саймандар  панеліндегі
                  кілттің суретіне басыңыз немесе жанама менюді шақырыңыз.
                         -  «Код»  ӛрісіндегі  мәліметтерге    шектеу  енгізіңіз.  Бұл  мәліметтер
                  қайталанбауы қажет, ӛйткені  оқытушылардың кодтары қайталанбауы тиіс, әрі оларды
                  ӛзгерту мүмкіндігі қамтамасыз етілуі тиіс.
                        - Общие бӛліміндегі Индексированное поле параметрінің жолын шертіңіз.  Тізімнен
                  «ДА» пунктін таңдаңыз ( бірдей болмау үшін).
                        Ескерту. Индекс — бұл Access-тің кестеде мәліметтерді іздеуді және сұрыптауды
                  тездететін  құрал.  Кестенің  кілттік  ӛрісіне  (алғашқы  кілттің  ӛрісі)  автоматты  түрде
                  индекс  қойылады.    MEMO  және  Гиперсілтеме  немесе    OLE  объектісінің  ӛрістеріне
                  индекстер жасауға болмайды.
                        -     «Оқытушылар»  мәліметтер  қоры  кестесіндегі  қалған  барлық  ӛрістерді
                  анықтау үшін 1- кестеге сәйкес жоғарыдағыдай әрекеттерді орындаңыз.
   42   43   44   45   46   47   48   49   50   51   52