Page 46 - электрондык_окулык
P. 46

жағдайда компьютер санды ақша бірліктерімен бірге кӛрсетеді, рубль мен тиынды, фунт
                  пен пенсты, доллар мен центті ажыратады.
                         5.  Қазіргі  кездегі  мәліметтер  базаларында  тек  сандар  мен  әріптерді  ғана  емес,
                  сонымен бірге суреттерді, сазды клиптер мен бейнежазбаларды сақтауға болады. Мұндай
                  объектілерге арналған ӛріс OLE объектісінің өрісі деп аталады.
                         6.  Мәтіндік  ӛрістегі  бір  кемшілік  оның  ӛлшемінің    шектеулігіне  (256  символдан
                  аспайды) байланысты. Егер ӛріске ұзын мәтін қою керек болса, бұл үшін MEMO типті ӛріс
                  қолданылады, онда 65 535 символға дейін сақтауға болады. MEMO ӛрісінің ерекшелігі –
                  мәліметтер ӛрісте емес басқа жерде сақталады, ал ӛрісте тек мәтіннің қайда орналасқанын
                  кӛрсететін кӛрсеткіш (указатель) сақталады.

                         7.  Санауыш  (Счетчик)  өрісі.  Бір  қарағанда  бұл  қарапайым  сандық  ӛріс  сияқты,
                  бірақ оның автоматты түрде мәні артатын қасиеті бар. Егер мәліметтер қорында мұндай
                  ӛріс  болса,  онда  жаңа  жазбаны  енгізу  кезінде,  оған  алдыңғы  жазбадағы  сол  ӛрістің
                  мәнінен  бірге  артық  сан  автоматты  түрде  енгізіледі.    Бұл  ӛріс  жазбаларды  нӛмірлеуде
                  ыңғайлы.
                         Егер  ақпарат  қарапайым  құрылымда  сақталған  болса,  онда  олармен  арнайы
                  мәліметтер қорын басқару жүйесінің кӛмегінсіз жұмыс істеуге мүмкіндік бар. Практика
                  жүзінде  бір-бірімен  өзара    байланысты  көптеген  кестелерден  тұратын  күрделі
                  құрылымдармен жұмыс жасауға тура келеді. Бір-бірімен ӛзара          байланысты кестелерден
                  тұратын мәліметтер қоры реляциялық мәліметтер қоры деп те аталады.
                         Мәліметтер қорын бір-бірімен ӛзара      байланысты кестелерге бӛлу ыңғайлы, кейде
                  қажет.  Мысалы,  компакт-дисктер  прокатымен  айналысатын  фирманың  менеджері
                  заказдардың санын кӛбейту  мақсатында қолдағы бар дисктердің тізімін әрбір клиент кӛре
                  алу  үшін  залға  компьютер  қоюды  шешті.  Егер  мәліметтер  базасы  бір  ғана  кестеден
                  тұратын болса, онда кез келген келуші дисктер туралы ақпаратпен қатар  фирманың басқа
                  клиенттері  жӛніндегі  ақпаратпен  хабардар    бола  алады.  Бұл  тапсырыс  берушілерге
                  ұнамауы мүмкін. Мұндай менеджер жаңа клиенттерді жинай алмауымен қатар бұрынғы
                  клиенттерін де жоғалтады.

                          Кестелер арасындағы байланыстар сенімді        мықты болу үшін және бір кестедегі
                  жазба арқылы басқа кестедегі жазбаны табу үшін кестеде қайталанбас дара (уникальные)
                  ӛрісті қарастыру керек.

                         Кестелердің құрылымын жасауда бір ӛрісті (немесе ӛрістердің бір комбинациясын)
                  кілттік ӛріс ретінде алуға болады. Кілттік ӛрістермен компьютер ерекше жұмыс жасайды.
                  Компьютер  олардың  даралығын  (уникальность)  тексереді  және  мұндай  ӛрістермен
                  сұрыптауды (сорттауды) тез орындайды. Мұндай кілттік ӛрісті  байланыстар жасау үшін
                  қолдану тиімді. Кейде кілттік ӛрісті бастапқы кілт деп те атайды.
                                               Ӛрістер арасындағы байланыс түрлері:

                  1:1:  «Бірдің - бірге» қатынасы. Мысалы: студент - сынақ кітапшасының №.
                  1:N: «Бірдің-кӛпке» қатынасы. Мысалы: Бір тауар әкелуші...а)  ... бірнеше тауар әкелуі
                  мүмкін, ...б) ... бірақ, әрбір тауардың  тек бір әкелушісі болады.  Осы  сияқты қатынас Топ-
                  -студенттер арасында да болады.
                  N:M: «Кӛптің-кӛпке» қатынасы. А кестесіндегі бір жазбаға  В кестесіндегі бірнеше жазба
                  сәйкес болуы мүмкін, ал В кестесінің бір жазбасына   А кестесіндегі бірнеше жазба сәйкес
                  келуі мүмкін. Мысалы: Студенттер-олардың тыңдайтын Курстары, Авторлар-
                  Кітаптар, Тауар әкелушілер-Тапсырыс берушілер.

                         Байланыстырылған кестелерді жасауға қойылатын талаптар:
   41   42   43   44   45   46   47   48   49   50   51