Page 45 - электрондык_окулык
P. 45
ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР
МЕН НҰСҚАУЛАР
ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС № 1
Тақырыбы: «Microsoft Access мәліметтер базасын басқару жүйесі. Бірнеше
кестелерден мәліметтер базасын жасау»
Мақсаты: Microsoft Access мәліметтер базасын басқару жүйесімен, оның негізгі
компоненттерінің қызметімен, мәліметтер, жазба, ӛріс, кілттік ӛріс объектілерді жасау
әдістерімен, ӛрістердің типтерімен таныстыру.
Негізгі ұғымдар:
Кез келген мәліметтер базасын басқару жүйесінің (ДББЖ) жұмысы – мәліметтер
базасын жасау, енгізу және ӛңдеу.
Microsoft Access ақпаратты сақтау және кӛрсету үшін қолданылатын жеке
компоненттерден тұрады. Бұл компоненттерге кестелер, пішімдер (формы), есеп беру
(отчет), сұрату (запрос), макростар, модулдер жатады. Microsoft Access-тің әрбір
объектісін жасаудың кем дегенде 2 әдіспен: Конструктор кӛмегімен немесе Мастер
кӛмегімен жасалады. Конструктор режімінде объект құрылымы жасалынады немесе
ӛзгертіледі, ал Мастер режімінде объектілердің дайын нұсқалары таңдалынып,
қолданылады.
Мәліметтер дегеніміз – мерзімді түрде жұмыс істеуге мүмкіндік болу үшін
сақталуы қажетті кез келген ақпарат. Кӛптеген мәліметтер базасының құрылымы
кестелік болады. Кестелік құрылымда мәліметтер адресі жолдар мен бағандардың
қиылысуы арқылы анықталады. Мәліметтер базасындағы бағандар өрістер деп, ал
жолдар жазбалар деп аталады. Ӛрістер мәліметтер базасының құрылымын жасайды, ал
жазбалар онда сақталатын ақпараттан тұрады.
Ӛріс – бұл мәліметтер базасы құрылымының негізгі элементтері. Олардың ӛзіндік
қасиеттері бар. Ӛріске қандай типті мәліметтерді енгізуге болатыны, қандай мәліметтерді
енгізуге болмайтыны, сонымен қатар ӛрістегі мәліметтермен не істеуге болатыны ӛрістің
қасиетіне байланысты.
Мысалы, «Құны (Стоимость)» ӛрісіндегі мәліметтерге жалпы нәтижені алу үшін
қосу операциясын қолдануға болады. Ал «Телефон номері» ӛрісіндегі мәліметтерді
телефон номерлері санмен жазылса да қосуға болмайды. Бұл ӛрістердің қасиеттері әртүрлі
және әртүрлі типке жатады.
Ӛрістердің әртүрлі типтері әртүрлі қасиеттерге ие.
1. Мәтіндік ӛрістің негізгі қасиеті – ӛлшемі.
2. Сандық ӛріс сандық мәліметтерді енгізу үшін қажет. Мұның да ӛлшемі бар, бірақ
сандық ӛрістер әртүрлі болады, мысалы, бүтін сандарды енгізу үшін және нақты
сандарды енгізу үшін. Соңғы жағдайда ӛрістің ӛлшемімен қатар санның ондық бӛлігінің
ӛлшемі беріледі.
3. Күн мен уақытты енгізу ӛрісі Күн/уақыт (Дата/время) типті болады. «Иә немесе
Жоқ», «1 немесе 0», «Ақиқат немесе Жалған» және тағы осы сияқты тек екі мәні бар
логикалық мәліметтерді енгізу үшін арнайы логикалық өріс қолданылады. Мұндай ӛрістің
ұзындығы әрқашанда 1-ге тең.
4. Ӛрістің ерекше ӛрісі – Ақшалы (Денежный) ӛріс. Мұнда қандай мәліметтер
сақталатыны атауынан-ақ белгілі. Ақшаның сомаларының кӛрсеткіштерін сандық ӛрісте
де сақтауға болады, бірақ ақшалық типтегі түрде олармен жұмыс жасау жеңіл. Бұл