Page 41 - электрондык_окулык
P. 41
14 - Дәріс
Мәліметтер базасын жобалау. МБ-ң ӛмірлік циклы. МБ қойылатын
талаптарды талдау және тұжырымдау.
Жоспар
1. Мәліметтер базасын жобалау.
2. МБ - ң ӛмірлік циклы.
3. МБ қойылатын талаптарды талдау және тұжырымдау.
«Мәліметтер базсы» (ДБ) ұғымының пайда болуы программалық жабдықтау
саласында ең құнды жетістіктердің бірі болып табылды. Мәліметтер базсын ұйымдастыру
және пайдалану программалау технологиясын байытып, программалау ӛнеріне деген
қызығушылықтың артуына әсерін тигізді.
ДБ жобасы нақты түрде – бағдарламалық кешеннің негізі болып табылады, ӛйткені
ол ұзақ мерзімде әртүрлі қолданушылардың талабына сай жұмыс істейтін болады. Қандай
да болмасын құрылыста фундамнтін ӛзгертпей-ақ, есік-терезесін, немесе екінші қабатын
қосуға болады ғой, ДБ ӛңдеуде де осыған ұқсас принциптерді ұстанған жӛн. Мәліметтер
базасының ӛмірлік циклінің кезеңдері 14.1 суретте келтіріледі.
Мәліметтер базасын жобалу
Мәліметтер базасының
қосымшасын жобалу
Жүзеге асыру
МБ администрациялаудың арнайы
құралдарын ӛңдеу
МБ іске қосу, қолдану
Сурет. Мәліметтер базасының ӛмірлік циклі
МБ ӛмірлік циклінің кезеңдері қандай да болсын программалық ӛнімнің ӛмірлік
циклына ұқсас, бірақта оның ерекшелігі - тек қана мәліметтер базасына байланысты
болуы.
МБ жобалау процесі пәндік облыстың ақпараттық құрылымының сипаттамасынан
басталып, белгілі бір модельдің терминдерін қолдана отырып, пәндік облыстың
объекттеріне формалды түрде берілген сипаттамасымен аяқталады. Жалпы жағдайда
жобалаудың келесі кезеңдерін атауға болады;
1. Жүйелік талдау және пәндік облысының ақпараттық объектілеріне сӛйлем
түрінде сипаттама беру.
2. Пәндік облысының ақпараттық - логикалық моделін (инфологиялық
моделін) ӛңдеу - пәндік облыстың объектеріне жартфлай формалданған тілдені
сипаттамасы. Бұл сипаттама белгілі ьір семантикалық моделдердің терминдерінде
беріледі, мысалы ЕR - модель.
3. ДБ –ң даталогиялық немесе логикалық жобалау яғни ДБ қабылданған
датаологиялық модельдің терминдері арқылы сипатталыуы.
4. ДБ физикалық жобалу, яғни ДБ қосымшасының жұмысын тиімді атқару
мақсатымен сыртқы тасмалдауыштарда ДБ орналастырудың тиімді жолдарын қаратсыру.