Page 36 - электрондык_окулык
P. 36
12 - Дәріс
Мәліметтер банкінің қолданушылары. Мәліметтер базасының әкімі және оның
функциялары.
Жоспар
1. Мәліметтер банкінің қолданушылары.
2. Мәліметтер базасының әкімі және оның функциялары.
Мәліметтер банкінің қолданушылары. Қандай да болмасын программалық-
ұйымдық-техникалық кешендер сияқты мәліметтер банкілерінің ӛмір сүруі уақытқа және
кеңістікке байланысты болады. ДБ ӛзінің ӛмірлік циклінің әр кезеңдеріне (жобалау,
жүзеге асыру, іске қосу, қолдану, модернизациялау және даму, толығынан қайта құру)
сәйкес әр түрлі категориядағы пайдалауншылары болады. Олардың негізгілерін атйық..
Соңғы қолданушы.Мәліметтер банкі арнайы осы топтағы қолданушыларға
құрылады. Олар ӛздерінің күнделікті атқаратын функционалдық міндеттемелерін ДБ
қолданып, атқаратын болады және де оларға есептеу техникасын білу немесе
программалау технологиялары туралы арнай білім қажетті емес, ондай талаптар
қойылмайды.
Мәліметтер банкінің админисртаторы (басқарушысы). Бұл топқа МБ құру
кезеңдеріне сәйкес бірнеше қолданушы кіреді. Ең бастапқы кезеңінде олар МБ-ң оңтайлы
ұйымдастырылып, онымен кӛптеген қолданушылар жұмыс істей алатындай етіп
құрылуын қадағалайды. МБ іске қосылған кезеңінде кӛп пайдаланушылар режімінде МБ-
ғы мәліметтерге қол жеткізуін реттеп, олардың мәселелерін шешу үшін қажетті
мәліметтерін алуды басқарады.
Қосымшаларды ӛңдеушілер және администраторлар. Қолданушылардың бұл
тобы ДБ - н жобалау, ӛңдеу, құру немесе қайта құру кезеңдерінде белсенді қызмет етеді.
Қосымшалардың администраторлары ӛңдеушілердің қосымшаларды жасау жұмысын
басқарады, қосымшалардан немесе олардың топтарынан функционалдық ішкі жүйе
жасау мүмкіншілігін қарастырады...
Аталған қолданушылардың барлық түрлері барлық МБ - да болуы шарт емес.
Мысалы, егерде ақпараттық жүйе desktop МББЖ - де құрылса, онда қосымшаның
администраторы және МБ - ң администраторы бір қолданушы болуы мүмкін. Ал егер
заманауи күрделі корпоративтік МБ-сы құрылса, онда қосымшаның администраторы бір
емес бірнешеуі, ал ӛңдеушілердің бӛлімі құрылуы мүмкін. МБ администраторлар тобына
ең күрделі міндеттер жүктеледі. МБ администраторлар тобына мына қызметкерлер кіретін
болады:
- жүй аналитиктері;
- мәліметтер құрылымын жобалушылар және МБ - ң сыртқы ақпараттық
қамтамасыздандыруды жобалаушылары;
- мәліметтерді ӛңдеу процестерінің технологияларын жобалаушылар;
- жүйелік және қолданбалы программистер;
- техникалық қызметтер орындайтын операторлар мен мамандар.
МБ администраторлар тобының негізгі функциялары:
1. Пәндік облысты зерттеу: зерттелу облысының сипаттамасы, мәліметтердің
бүтіндік шектеулерін айқвндау, мәліметтердің статусын (қол жеткізу, құпиялық) анықтау,
қолданушылардың талаптарын, «мәліметтер-қолданушылар» сәйкестігін анықтау, т.с.с.
2. МБ құрылымын жоблау: МБ - ң файлдарының құрылымы мен тізімін және
ӛзара байланыстарын анықтау. Мәліметтерді реттеу, оларға қол жеткізу әдістерін таңдау.
3. МБ құрылымын сипаттау барысында мәліметтердің бүтіндік шектеулерін
анықтау және ӛңдеу процедураларын белгілеу:
- Пәндік облысқа байланысты мәліметтердің бүтіндігіне шектеулер қою;
- Пәндік облысқа байланысты МБ-ғы мәліметтердің ӛзгеруіне сәйкес бүтіндіктің
динамикалық шектулерін анықтау;