Page 34 - электрондык_окулык
P. 34
11 - Дәріс
Сұраныстардың құрылымды SQL-тілі, оның жалпы мінездемесі және MS
Access іске асырылуы. SQL тілінде мәліметтерді ӛңдеудің негізгі операторлары.
Жоспар
1. Сұраныстардың құрылымды SQL-тілі, оның жалпы мінездемесі
2. SQL тілінде мәліметтерді ӛңдеудің негізгі операторлары.
Сұраныстың кӛмегімен кестелерді жаңартуға, кӛшіруге, мәліметтерді қосуға немесе
бұрынғы бар кестенің негізінде жаңа кесте толтыруға болады. Сондай-ақ, сұраныстарды
форма және есептер үшін мәліметтер кӛзі ретінде пайдалануға болады. Сұраныс арқылы
келесі амалдарды орындауға болады:
1. шартты қанағаттандыратын жазуларды таңдап алу.
2. Нәтижелі сұраныс кестесіне тек қолданушыға қажетті жиектерді қосу.
3. Әр жазуға есептеулер жүргізу.
4. Бір не бірнеше жиектердегі бірдей жазуларды топтастыру.
5. Құрылған нәтижелерді қолданып жаңа база кестесін құру.
6. МҚ кестесінен таңдалған жазуларды жою.
7. Таңдалған жазуларды басқа кестеге қосу.
ДББЖ-де мәліметтерді ӛңдеудің негізгі құралдарының бірі – сұраныс болып
табылады. МS Access программада белгілі бір үлгі бойынша сұраныс құрудың графиктік
құралы бар (QBE), оның кӛмегімен кез-келген күрделі сұранысты орындауға болады.
SQL-дегі сұраныстар тілі (Data Query Language) тек қана бір SELECT операторынан
тұрады. Осы бір іздеу операторы реляциялық алгебраның барлық операцияларын жүзеге
асырады. Бірақ оператор басында оңай болып кӛрінеді. Бірақ SQL тілінде сұраныстар
жазу (сауатты сұраныстар) алғашында оңайға соқпайды. Бірдей сұраныстар әр түрлі
тәсілдермен орындалуы мүмкін және де барлығы да дұрыс бола тұрып, олар бәрібір де
орындалу уақытысы бойынша ӛзгешеленуі мүмкін және ол ауқымды мәліметтер базасы
үшін маңызды болып табылады.Маңызды SQL-түсініктерін қарастырайық. SQL - бұл
клиент/сервер жүйелерінде МБ басқарудың ең кең тараған тілі. SQL-сұранысы SQL-
инструкцяларының бірізділігінен тұрады, олар терудің кіру генерациясы үшін
мәліметтерді терумен кіріспен (кестемен немесе сұраныстармен) не істеу керек екенін
кӛрсетеді.
SELECT операторының синтаксисі келесідей түрге ие:
[ALL|DISTINCT](<Список полей >|*)
FROM <Список таблиц >
[WHERE <Предикат-условие выборки или соединения>]
[GROUP BY <Список полей результата>]
[HAVING <Предикат-условие для группы>]
[ORDER BY <Список полей, по которым упорядочить вывод>]
SQL-сұранысын безендірген кезде, барлық SQL - инструкциялары міндетті
түрде бір жолда орналасуы керек. Егер инструкциялардың бірізділігі бір жолға
сыймайтын болса, онда басқа жолға ӛту үшін Enter-ді емес, Ctrl+Enter-ді басу керек.
SQL-сұранысы үнемі нүктелі үтірмен аяқталады.
DISTINCT- нәтиже теріліміне тек қана әр түрлі жолдар қосылатынын білдіреді, яғни
нәтиже жолдарының кӛшірмесі терілімге қосылмайды.
* символы алдыңғы сұраныс кестелерінің барлық бағандары терілім нәтижесіне
қосылатынын білдіреді.
FROM бӛлімінде сұраныстың бастапқы қатынастарының (кестелердің) тізімі
беріледі.
WHERE бӛлімінде нәтиже жолдарын теру шарттары немесе бастапқы кестелердің
кортеждерінің қосылу шарттары беріледі.