Page 29 - электрондык_окулык
P. 29
9 - Дәріс
Мәліметтер базасында қолданатын мәліметтер қасиеті:
тәуелсізділік, интеграция, қорғау, қосалқылау. Мәліметтердің бүтiндiгi. Базадағы
мәліметтерге қолданылатын негiзгi операциялар:
жүктеу, түзету, іздеу, сұрыптау, қайта құру
Жоспар
1. Мәліметтер базасында қолданатын мәліметтер қасиеті
2. Мәліметтердің бүтiндiгi.
3. Базадағы мәліметтерге қолданылатын негiзгi операциялар
Мәліметтердің бүтінділігі деп зерттелу облысын адекватты кӛрсететін және толық
мәліметтерден құрылған деген мағына білдіретін мәліметтер қорының қасиеттерін
түсінеміз.
Физикалық және логикалық бүтінділік деп бӛлінеді. Физикалық бүтінділік
мәліметтерге физикалық енуді және мәліметтерді кетірілмегенін білдіреді. Логикалық
бүтінділік мәліметтер қорыны құрылымының бұзылуы немесе оның объектілерінің
бұзылуы, объектілер арасындағы орнатылған байланыстардың жойылуы немесе
ӛзгертілуі, және мәліметтер қорында логикалық қателердіңболмауын және т.б. білдіреді.
Біз мәліметтер қорының логикалық бүтінділігін қарастырамыз.
Мәліметтер қоры бүтінділігін қолдау бүтінділікті тексеру және базадағы
қайшылықтарды табу жағдайындағы оның қайта қалпына келтірілуін қосады. Мәліметтер
қорының бүтінділік жағдайы мәліметтер қорында сақталатындарды ққанағаттандыратын
шарттар ретіндегі бүтінділікті шектеудің кӛмегімен беріледі.
Мәліметтер қорының бүтінділігін шектеу қорға қайшы мәліметтерді енгізуді тоқтату
мақсатында енгізілетін шектеулер болып табылады.
Бүтінділікті шектеу ішінде екі негізгі шектеу типін бӛліп кӛрсетуге болады: қатынас
атрибуттарының мәндерін шектеу және қатынас кортежіне құрылымды шектеу.
Қатынас атрибуттарының мәнін шектеу мысалы атрибуттардағы қайталатын немесе
бос атрибуттардың болмауына талап етілуі, және де берілген диапазонға атрибуттар
мәнінің жататындығын тексеру болып табылады.
Атрибуттар мәнін тексеруді жүргізудің тиімді әдісі кейбір МҚБЖ-ларда триггерлер
және сақталатын процедуралар болып табылады.
ДБ - дағы мәліметтер бірмәнді және ӛзара біртұтас үйлесімді болуы үшін
реляциялық моделдің шектеуші шарттар анықталғаны дұрыс.
Шектеуші шарттар дегеніміз мәліметтердің мүмкін мәндерін қадағалаушы тәртіптер;
мұндай үйлесімділік (бүтіндік) шарттары ДБ-н ӛңдеу және ӛзгерту кезінде кетуі мүмкін
қателерді болдырмау. ДБ-ның шектеулері категориялық бүтіндік және сілтемелік
үйлесімділік (сілтеме бүтіндік) болып, екі түрден тұрады.
Категориялық бүтіндік шектеуінің мағынасы: кестенің кортеждері ДБ-ның нақты
объектісінің (құбылысының, жүйесінің т.б.) элементтерін, реляциялық мәліметтер
базасын басқару жүйелерінің (РДББЖ) терминіне сәйкес категориясын анықтайды.
Мысалы, Кітап кестесінің кезкелген жолындағы жазба нақты бір кітапты кӛрсетеді.
Кестенің кілті әртүрлі бір кортежді, яғни категорияның әрбір элементін анықтайды.
атрибуттар түрлі мән қабылдауы мүмкін. Мысалы Студент кестесіндегі жазбалар
(кортеждер) нақты бір студент туралы мәліметтерді кӛрсетеді. Ал кестенің кілті осы
жазбаны оқуда немесе ӛзгертуде тез тауып алуға кӛмектеседі. Жазбаны кесте кілтінің
құрамындағы барлық атрибуттары толық анықталғанша ДБ-на жазу, енгізу мүмкін емес.
Бұл тәртіп категориялық бүтіндік тәртібі деп аталады және қысқаша былайша
тұжырымдалынады: кесте кілтінің ешбір атрибуты анықталмаған болуы мүмкін емес.
Екінші шарт кестелердегі мәліметтердің біртұтастығын қамтамасыз ету үшін сыртқы
кілтке сілтеме үйлесімділік (Referential Integrity) деп аталатын шектеу қояды. Егер екі