Page 27 - электрондык_окулык
P. 27

8 - Дәріс
                             Ақпараттық жүйелердегі мәліметтер базасын жобалау.  МБ-мен жұмыс
                               істейтін басқару элементтері, олардың қасиеттері мен әдістері.
                                           MS Access  МББЖ-ң негізгі объекттері.
                        Жоспар
                        1.      Ақпараттық жүйелердегі мәліметтер базасын жобалау.
                        2.      МБ-мен  жұмыс  істейтін  басқару  элементтері,  олардың  қасиеттері  мен
                  әдістері.
                        3.      MS Access  ДББЖ-ң негізгі объекттері.

                        Алғашқы кездерде қолданылып жүрген dBASE’тің түрлі варианттары, FoxPro, т.б.
                  жүйелер әрі программалау тілдері, әрі МҚБЖ  болатын және олар MS-DOS жүйесінде
                  жұмыс  істейтін.  Программалаудың  кіші  бизнестік  сияқты  шағын  мекемелерде  кӛп
                  қиындық  туғызатыны  белгілі.  Осы  себепті,  соңғы  жылдары  пайдаланушыдан
                  программалауды қажет ете бермейтін Microsoft office (Windows) құрамына кірістірілген
                  Access  атаулы  жан-жақты  мүмкіндікті  МҚБЖ-нің  бірнеше  варианттары  жарық  кӛрді.
                  Бұлар жұмыс істеуге жеңіл және анықтамалық жүйелері барынша жетілдірілген күрделі
                  программалар. Access-те файлдар кесте түрінде құрылады.
                        Access,  Excel,  Word  сияқты  программалар  арқылы  дайындалған  берілгендердің
                  ерекшеліктерінің  бірі  –  олар  біріншісінен  екіншісіне  жеңіл  түрде  жіберіле  және
                  қабылдана алады.
                        Microsoft  Access  мәліметтер  қорын  басқару  жүйелерінің  әйгілі  болуына  келесі
                  себептер шарттандырылған:
                        -  Access  мәліметтер  қорымен  жұмыс  істеудің  негізгі  принциптерін  тез  игеруге
                  мүмкіндік беретін оңай қатынасты және түсінікті жүйе болып табылады;
                        жүйенің толық орыс тіліне аударылған версиясы бар;
                        -  Microsoft  Office:  Word,  Excel,  Power  Point,  Mail  пакеттерімен  толық
                  интегралданған;
                        -  Windows  жүйесі  мәліметтерді  кӛрнекті  және  әдемі  етіп  кӛрсетуге  мүмкіндік
                  береді;
                        -  OLE  технологияларын  қолдану  мүмкіндіктері,  яғни  басқа  қосымшалардағы
                  объекттермен байланыс орнатуға  мүмкіндік береді;
                        -  WYSIWIG технологиясы пайдаланушыға әр уақытта ӛз жұмысының нәтижесін
                  кӛрсетіп отырады;
                        объекттерді құрудағы кестелерді, формаларды және сұраныстарды құруды
                  жеңілдететін «Шеберлер» жиыны бар.
                        Microsoft  Access  мәліметтер  қорын  басқару  жүйесі  жеті  түрлі  объектілерді  құруға
                  және қолдануға мүмкіндік береді.
                        Кестелер.  Бұл  кез-келген  мәліметтер  қорының  негізгі  объектісі  болып  табылады.
                  Біріншіден,  кестелерде  мәліметтер  қорындағы  барлық  ақпарат  сақталады,  екіншіден
                  кестелер мәліметтер қорының құрылымын анықтайды.
                        Сұраныс. Бұл объектгі кестедегі мәліметтерді қолданушыға ыңғайлы түрде шығарып
                  береді.  Сұраныстың  кӛмегімен  мәліметгерді  сұрыптау,  сүзгілеу  амалдары  орындалады.
                  Сұраныстың  кӛмегімен  бұрыннан  бар  кестенің  негізінде  жана  кесте  құрылады,  басқа
                  мәліметтер  кӛзінен  импортталады,  кестелерде  қарапайым  есептеулер  жүргізіледі.
                  Сұраныстын  ерекшелігі  -  олар  негізгі  кестелердегі  мәліметтердің  негізінде  уақытша
                  корытынды кесте кұрады. Негізгі кестемен жүмыс істегенде біз қатқыл дискімен жұмыс
                  істейміз, ал оған кез-келген кезде қатынау кӛп уақытты алады. Ал сұраныстың кӛмегімен
                  алынған уақытша кестеде біз тек экрандағы бейнемен жүмыс істейміз, ал оған қатынау тез
                  уақытта жүзеге асырылады.
                        Қалыптар.  Егер  сұраныстар  мәліметтерді  сұрыптау  мен  анализдеудің  арнаулы
                  құралдары  болса,  ал  қалыптар  мәліметтерді  енгізу  қүралы  болып  табылады.  Оның  мәні
   22   23   24   25   26   27   28   29   30   31   32