Page 31 - электрондык_окулык
P. 31
жағдайларда тіркеу қолша жүргізіледі, сондықтан бұл кезеңде жүргізілетін жұмыстар кӛп
уақыт алады.
Мәліметтерді беру процедурасы да түрлі тәсілдермен жүзеге асырылады. Пошта
немесе курьерлер арқылы, түрлі коммуникациялық құралдары мен байланыс каналдары
арқылы да жіберіледі. Байланыс каналдары арқылы қашықтан жіберілген мәліметтерді
қабылдау немесе жіберу әрине уақытты үнемдеуге мүмкіншілік береді, бірақта бүл тәсілді
жүзеге асыру арнайы техникалық құралдарды қажет етіп, олардың жылдамдығына қатаң
талаптар қойылады. Ал бұл кезең автоматтандырылған жүйе негізінде ұйымдастырылатын
болса, онда факс немесе электрондық пошта арқылы мәліметтерді жіберуге немесе
қабылдауға болады.
Компьютерлік жүйелерде ортақ дерекқорларын қалыптастырып, жинақталған
мәліметтермен мекеменің кӛптеген қызметкерлері ӛздерінің функционалдық міндеттерін
атқаруға мүмкіндік алатын болады
Пысықтау сұрақтары
1. Мәліметтер базасында қолданатын мәліметтер қасиеті
2. Мәліметтердің бүтiндiгi.
3. Базадағы мәліметтерге қолданылатын негiзгi операциялар
Қолданылған әдебиеттер
1. Абдуллина В.З. Системы без данных. Учебник.- Алматы: КазНТУ,2009.
2. Балғабаева Л.Ш.Мәліметтер және білім базасы.- Алматы.ҚазҰТУ,2002.