Page 32 - электрондык_окулык
P. 32
10 - Дәріс
SQL және QBE сұраныс тілдері. Сұраныс түрлері және MS Access ортасында
оларды құру әдістері. SQL - инструкциялары.
Жоспар
1. SQL және QBE сұраныс тілдері.
2. Сұраныс түрлері және MS Access ортасында оларды құру әдістері.
3. SQL - инструкциялары.
Сұраныстар - бұл мәліметтерді талдауға, таңдауға және ӛзгертуге арналған құрал.
Сұраныс QBE - үлгі бойынша сұраныс тілінде немесе SQL құрылымдық сұраныс тілінің
кӛмегімен құрылады.
ДБ - мен жұмыс кезіндегі жұмыстың маңызды бӛлігі ол - ақпараттарға талдау жасау.
ДББЖ - де мәліметтерді талдау, сұрыптау, іздеу (Query) сұраныстарымен орындалады.
Бұл сұраныс аумағында тұтынушы іріктелген ақпараттардың және сұрыпталған
мәліметтер қорының қасиеттерін қалыптастырады. Жұмыстың нәтижесінде тұтынушы
тапсырыс берген мәліметтері бойынша қажетті сұранысты алады.
Қазіргі таңдағы СУБД - да сұраныстарды жобалаудың 3 түрі белгілі, олар:
1.RQBE (Relational Query By Example - үлгі бойынша сұраныс) - әдісі.
2. Wisards - шебері.
3. SQL (Structured Query Language - құрылымды сұраныс тілі) - сұраныс тілі.
ДББЖ-де мәліметтерді ӛңдеудің негізгі құралдарының бірі - сұраныс болып
табылады. МS Access программада белгілі бір үлгі бойынша сұраныс құрудың графиктік
құралы бар (QBE), оның кӛмегімен кез - келген күрделі сұранысты орындауға болады.
Сұраныс бір не бірнеше кесте негізінде құралады, сондай-ақ сұраныс негізінде құрылуы
мүмкін.
1) Сұраныс бір не бірнеше ӛзара байланысты кестеден қажетті мәліметтерді
таңдауға, есептеулер жасауға, мәліметтерді реттеуге, жаңартуға, алып тастауға мүмкіндік
береді. Сұраныс арқылы келесі амалдарды орындауға болады:
1. шартты қанағаттандыратын жазуларды таңдап алу.
2. Нәтижелі сұраныс кестесіне тек қолданушыға қажетті жиектерді қосу.
3. Әр жазуға есептеулер жүргізу.
4. Бір не бірнеше жиектердегі бірдей жазуларды топтастыру.
5. Құрылған нәтижелерді қолданып жаңа база кестесін құру.
6. МҚ кестесінен таңдалған жазуларды жою.
7. Таңдалған жазуларды басқа кестеге қосу.
Сұраныс бір кестеге немесе бірнеше кестеге құрылады. Бірнеше кестелік сұраныс
МҚ кестелерінің жазуларынан біріктірілген (топтастырылған) жазу құрастыруға
мүмкіндік береді.
Таңдау сұранысының маңызы ӛте зор, ӛйткені басқа сұраныстар осы сұраныс
негізінде жасалады. Таңдау сұранысы бір не бірнеше кестеден мәлімәттерді таңдауға
арналған, сұраныс нәтижесі кесте ашық болған кезде кесте түрінде кӛрінеді.
Кесте құру сұранысы.
Бұл сұраныс түрі жиі қолданылатын сұраныстың нәтижесін кесте ретінде
сақтау үшін қолданылады. Бұл сұраныс таңдау сұранысы негізінде құрылады да
кесте ретінде сақталады.
Бұл сұраныс бір не бірнеше кестедегі жазуларды жаңартуға мүмкіндік береді.
Конструктор терезесінде қажетті кестелер енгізілген соң, Запрос- Обновление
командасы орындалады. Сұраныс бланкісінде жаңа жол пайда болады (Обновление).
Бланкке шарт қойылатын ж/е жаңаратын жиектер орнатылуы тиіс.
Қосымша жазу сұранысы.
Бұл сұраныс арқылы бір сұраныс кестесінен басқа кестеге жазулар қосуға болады.