Page 37 - электрондык_окулык
P. 37
- Мәліметтерде енгізудегі және ӛзгертудегі бүтіндік шектеулерінің
процедураларын ӛңдеу;
- Кӛп қолданушылар режіимінде қолданушылардың параллельді жұмыс
істеуіндегі бүтіндік шектеулерін анықтау.
4. МБ бастапқы мәліметтермен жүктеу:
- МБ бастапқы жүктеудің технологиясын ӛңдеу;
- Енгізілген мәліметтердің пәндік облысқа сәйкестігін тексеру технологияларын
ӛңдеу. МБ белгілі бір пәндік облыстың реалдық объекттерін, олардың ӛзара
байланыстарын моделдейді, сондықтан мәліметтерді жүктеудің бастапқы кезеңінде ол
пәндік облыстың сол кездегі жай-күйіне сәйкес болуы тиіс;
5. МБ мәліметтерді қорғау және оларды қайта қалыпқа келтіруді
қамтамасыздандыру.
- Паролдер жүйесін қалыптастыру, қолданушыларды тіркеу принциптерін
анықтау, мәліметтерге қол жеткізуде құқтары бірдей қолданушылардан топтар құру;
- Қолданушылардың мәліметтерге қол жеткізгенін тіркеу құралдарын ӛңдеу және
ДБ-н қорғау жүйесіне зақым келтіру жағдайларды анықтау:
- Жүйе істен шыққан кездерінде ДБ-ң жұмысын қайта реттеуге арналған
программалық құралдарды дайындау.
МБ - ң қолданушыларының шағымдарын талдау: сұраныстардың түрлері, оларды
орындаудағы уақыт шығындары, қажетті кіріс құжаттары туралы статистикалық
мәліметтерді жинақтау.
Пысықтау сұрақтары
1. Мәліметтер банкінің қолданушылары.
2. Мәліметтер базасының әкімі және оның функциялары.
Қолданылған әдебиеттер
1. Абдуллина В.З. Системы без данных. Учебник.- Алматы: КазНТУ,2009.
2. Балғабаева Л.Ш.Мәліметтер және білім базасы.- Алматы.ҚазҰТУ,2002.