Page 38 - электрондык_окулык
P. 38
13 - Дәріс
Иерархиялық, тораптық және реляциялық модельдер, олардың құрылым
түрлерi.
Жоспар
1. Модель түрлері
МБ-ның негізін құрайтын мәліметтердің құрылымдық сипаттамасына сәйкес
олардың ақпараттық моделдерін бірнеше типке бӛлуге болады: иерархиялық, желілік,
реляциялық.
Иерархиялық - 60 ж-ң басында қолданылды. Ол сатылы түрде құрылған. Мұнда
берілгендер 2 категорияға бӛлінеді: негізгі, тәуелді.
Бұл мәліметтер қоры мәліметтерді жүйеленген кезде пайдаланған ыңғайлы. Басқа
жағдайда модель күрделі болып саналады.
Желілік - иерархиялықпен бірге қолданысқа енді. Бұл мәліметтер қорында кез
келген объект негізі немесе тәуелді болып табылады. Мәліметтер қорын желілік
принципін ұйымдастырғанда әр бір объектт басқа бір объектпен бірнеше байланысқақа
түседі. Сондықтан оларды пайдалану күрделі болып табылады.
Реляциялық - 70 ж. бастап программалауда қолданыла бастады. Реляция ағылшын
сӛзінен шыққан, қатынас деген мағнаны білдіреді. Бұл мәліметтер қорында объект жол
мен баған - ң тұратын тік тұрт бұрышты кесте түрінде беріледі.
Мәліметтер қорыындағы әрбір кесте объектт б.т. мұндай мәліметтер қорын
компьютерде пайдаланған тиімді. Мәліметтер қорындағыы әр бір кесте магниттік дискіде
1 папкада сақталады. Папка мәліметтер қорын құрайды, ал кестелер жеке файл түрінде
сақталады. Кестенің бағандарын - ӛріс, ал жолдарын - жазба деп атайды. кестенің
ӛрістеріне келесі талаптар қойылады:
1. әр бір ӛрістің аты болуы қажет
2. ӛріс алдын-ала анықталған типтегі мәліметтер
3. кез келген кесте кем дегенде бір ӛрістен тұрады.
Енді мәліметтердің концептуалдық деңгейде бейнеленуін қарастырайық, яғни
мәліметтердің концептуалдық моделін. Әдетте мәліметтердің 3 түрлі моделі
қарастырылады, олар: иерархиялық, торлық(сетевая) және реляциялық болып бӛлінеді.
Кейінгі кезде модельдердің постреляциялық, кӛпӛлшемді, объекттерге бағытталған
түрлері шығып жүр, ол туралы әңгіме кейінрек болады.
Ал қазір мына мысал арқылы мәліметтрдің модельдерінің түрін қарастырайык.
Мысал. П 1,П 2, П 3 атты 3 тауар ӛндіруші Т 1,Т 2, Т 3-атты 3 түрлі тауар шығарады.
П 1 бірінші тауар ӛндіруші - тауардың барлық үш түрінде шығарады;
П 2 екінші ӛндіруші - тауардың бірінші және үшінші түрін шығарады;
П 3 үшінші ӛндіруші - тауардың екінші және үшінші түрін шығарады;
Егерде мәліметтердің ұйымдастырылуын иерархиялық модель түрінде кӛрсетсек, ол
1-суреттегідей болады.
1-ші деңгей П
2-ші деңгей П 1 П 2 П 3
3-ші деңгей Т 1 Т 2 Т 3 Т 1 Т 3 Т 2 Т 3
1-сурет Иерархиялық модель