Page 43 - электрондык_окулык
P. 43

15 - Дәріс
                        Мәліметтер базасы теориясының даму тенденциялары.  Мәліметтер базасының
                                        ғылымда, техника мен бизнесте қолданылуы
                        Жоспар
                        1.  Мәліметтер базасы теориясының даму тенденциялары.
                        2.  Мәліметтер базасының ғылымда, техника мен бизнесте қолданылуы

                        Бүгінгі  таңдағы  мәліметтер  базалары    кӛмптеген  автоматтандырылған  ақпаратық
                  жүйелердің  негізі.  Ол  жүйелерде  жинақталып,  сақталатын  ақпараттар  ӛте  құнды
                  мәліметтер болып табылады. Сондықтан бүгінгі таңда ДБ-ң мәліметтерін ӛңдеу әдістерін
                  қолдану кең қолданыста. Бұл әдістердің негізгі мақсаты ДБ-ғы мәліметтерді іздеу, талдау,
                  сұрыптау, топтау, т.с.с. арқылы пәндік облыс бойынша тағы да қосымша мәліметтер алу.
                  Ос  ы  концепция  бойынша  ДБ-ры  мәліметтер  қоры  ретінде  қарастырылып  «Мәліметтер
                  қоры» (Data Warehouse)-деп аталады.

                        Мәліметтер  қорларымен  жұмыс  істеуде  бүгінгі  таңда  маңызды  болып
                  интеллектуалды  талдау  әдістері  саналады.  Немесе  оны  data  mining-  деп  атайды.  Бұл
                  процесс  үлкен  кӛлемдегі        ақпараттардың  маңызды  корреляцияларын  ,  даму
                  тенденцияларын  айқындау  құралы.  Қоғамның  әр  саласында  күннен  күнге  мәліметтер
                  кӛлемінің ӛсуіне байланысты интеллектуалдық талдау құралдарының атқаратын ролі арта
                  беретін  болады.  Gartner  Group  қызметкерлерінің  айтуы  бойынша  1988  жылы
                  мәліметтерді  интеллектуалдық  талдау  (ДИТ)  әлемдегі  ең  үздік  болып  саналатын
                  ақпараттық  технологияларының  ондығына  кірген  болатын.  Сңғы  кезде  ДИТ  ӛндірістің
                  барлық  салаларында қолданылатын болды.  Оны ірі корпорациялар да, шағын  фирмалар
                  да, ӛздерінің қызметтерін талдау және жобалау үшін  пайдалана алады.
                        Соңғы  кезеде  бизнес-қосымшаларында  ДИТ  әдістері  мен  мәліметтерді  жедел
                  аналитикалық  ӛңдеу    (On  -  Line  Analytical  Processing,  OLAP)  әдістерін  интеграциялау
                  қызықтырады.
                        OLAP  технологиясы  агрегатталынған  мәліметтердің  кӛпӛлшемді  бейнелерін
                  қолданады.  OLAP-жүйелері  мекеме  жетекшілері  мен  аналитиктерге  қажет  болатын
                  мәліметтерге жедел түрде қол жеткізуге мүмкіндік береді.
                        Мәліметтің  ӛңдеу  мен  сақтауға  байланысты  компьютерлік  технологияның  дамуы,
                  60-шы  жылдың  аяғы  мен  70  -  ші  жылдың  басында  мәліметтер  қорын  басқару  жүйесі
                  (DataBase Management  Systems  -  DBMS) атауына ие болған  маманданған программалық
                  қамтаманың пайда болуына әкелді.
                        Қазіргі жағдайда мекемені компьютерсіз басқару мүмкін емес. Олардың ақпаратын
                  ӛңдеу үшін қолданбалы автоматтандырылған ақпараттық жүйелер құрылады. Мәліметтер
                  базасының програмалық қамсыздандыру облысында пайда болуы ӛте негізгі бӛлігі болып
                  табылады. Дерекқорлар - логикалық байланысты мәліметтердің қолданбалы жиынтығын
                  атайды.  Ол  мекеменің  ақпараттық  қажеттіліктерін  қанағаттандуры  үшін  қажет.
                  Мәліметтер базасы мекеменің қажеттіліктерін анықтайтын құжаттар негізінде қүрылады.
                        Жыл  сайын  ғана  емес,  ай  сайын  меншік  иелерінің  қатары  ӛсе  түсуде.  Олардың
                  қатарының  толығуы  экономиканың  сауығуына  ықпалы  зор.  Мәліметтер  базасыз  қазіргі
                  барлық дерлік қаржылық, ӛнеркәсіптік, халыққа қызмет кӛрсететін ұйымдардың жұмысын
                  ұйымдастыру, басқару мүмкін емес десе де болады. Сондықтан әрбір ұйымның, мекеменің
                  жұмысын  компьютер  кӛмегімен  басқару  үшін  мәліметтер  қорын  пайдаланатын
                  қолданбалы программалар - автоматтандырылған ақпараттық жүйелер құрылады.
                        Компьютерлік  ақпараттық  жүйесін  кәсіпкерлік  бизнеске  енгізудің  мақсаты  қағаз
                  құжаттардан  құтылу  емес  -  ешбір  құқықтық  күші  болмайтын  кӛптеген  қосымша
                  құжаттардың санын азайту, құжаттарды жүргізуде кертартпа әдістерден құтылу.
   38   39   40   41   42   43   44   45   46   47   48