Page 44 - электрондык_окулык
P. 44

Барлық  кіріс  құжаттардағы  мәліметер  ортақ  дереққорға  енгізілетін  болады    және
                  меншік объекттері мен субъекттері туралы да мәліметтер жүйеде электрондық түрде, ал
                  қоймада қағаз құжатар түрінде сақталады.
                        Кәсіпорында автоматтандырылған компьютерлік жүйені қолданудың мынадай
                  ұтымды жақтары бар:
                        - Негізгі  технологиялық  операцияларды  (қажетті  мәліметтерді  бастапқы  кезеңде
                  тіркеуге  алудан  бастап,  түрлі  есептер  мен  анықтамалар  үшін  мәліметтерде  іздеп,
                  дайындауға дейін) орындаудағы уақыт шығындарын азайту;
                        - Кәсіпорындардан түсетін тапсырыстарды тез арада орындау;
                        - Мәліметтер базасында сақталатын мәліметтерге түрлі критерийлар бойынша жедел
                  талдау жүргізу.
                        Кәсіпорында     автоматтандырылған       ақпараттық    жүйе     мекемедегі    құжаттар
                  айналымына  негізгі  кері  әсері  бар  болатын  себептерден  құтылуға,  мәліметтерді  іздеуге,
                  ӛңдеуге  кететін уақыт шығындарын кемітуге және орталықтың тұтынушыларына сапалы
                  қызмет кӛрсетуге мүмкіндік беретін болады. Мекеменің қызметіне кері әсері бар болатын
                  себептер:
                          Орталықтың сыртқы кәсіпорындары мен ғана емес ӛзара ішкі құрылымдары мен де
                  жүргізілетін  құжатар  айналымындағы  пайдаланатын  қағаз  құжаттар  түрінде  жүргізетін
                  ескі технологиялардың орын алуы;
                        Ішкі аралық құжаттардың санының  керексіз артық болуы. Мысалға: түрлі папкалар,
                  журналдар,  ӛтініштер,  бір  мәліметерді  қайта-қайта  бірнеше  аралық  құжаттарға  қажетсіз
                  енгізу;
                        -  Есептердің,  тіркеу  журналдардың  басқа  да  құжаттардың  қол  жазба  түрінде
                  жүргізілуі  құжаттардың  баяу  дайындалуына  әкеледі  де  оның  салдары  ретінде  кӛптеген
                  қателердің болуы ықтималдығы артады (адамдық фактор);
                        -  Әртүрлі  мәліметтердің  техникалық    кӛрсеткіштерін  қолмен  есептеу,  орталық
                  қызметінде моральдық ескірген компьютерлер мен ақпараттық жүйелерді  қолдану әсіресе
                  компьютерлердің желісіз пайдаланылуы.
                        Кәсіпорындардың  қызметіне  мәліметтерді  ӛңдеудің  компьютерлік  жүйесін  енгізу
                  жоғарыда  аталған  ұнамсыз  себептерден  құтылуға  мүмкіндік  беретін  болады.    Құжаттар
                  айналымының электрондық  технологияларын, мәліметтерді ӛңдеу мен сақтауға арналған
                  заманауи  компьютерлік  құралдар  мен  телекоммуникацияларын  пайдалану  мәліметтерді
                  сақтаудың  сенімділігін  олардың  ӛзетілігн  арттырып,  қажетті  мәліметтерді  жедел  түрде
                  тауып  алу  жылдамдығын  арттырып,  ал  ең  негізгісі  Кәсіпорындардың  функционалдық
                  мүмкіндіктерін кеңейтетін болады.

                        Пысықтау сұрақтары
                        1.  Мәліметтер базасы теориясының даму тенденциялары.
                        2.  Мәліметтер базасының ғылымда, техника мен бизнесте қолданылуы

                        Қолданылған әдебиеттер
                        1.      Абдуллина В.З. Системы без данных. Учебник.- Алматы: КазНТУ,2009.
                        2.      Балғабаева Л.Ш.Мәліметтер және білім базасы.- Алматы.ҚазҰТУ,2002.
   39   40   41   42   43   44   45   46   47   48   49