Page 30 - электрондык_окулык
P. 30
кесте ӛзара байланыстырылған болса сыртқы кілттің мәндері екінші кестеде ӛзімен
байланыста тұрған кілттің мәндерінен ғана тұрады. Мысалы, Студент кестесі мен Емтихан
ведомосты кестесі ӛзара байланыстырылған болса, екінші кестеде Студ_коды атты
сыртқы кілттің мәндері ӛзімен байланысты болған бірінші кестедегі мәндерден ғана
тұратын болуы керек.
Егер сыртқы кілттің мәндерін ДББЖ бақыламайтын болса, мәліметтердің сілтемелік
бүтіндігі бұзылады, мұны клесі мысалдар арқылы кӛруге болады. Мысалы Студент
кестесінде Ким Ирина оқудан шығарылуына байланысты кестеден ӛшірілсе, Емтихан
ведомостында оның фамилиясы қалып кетуі мүмкін. Немесе Емтихан ведомосты
кестесінде Студ_коды атрибуты Студент кестесіндегі мәндерден басқа мән қабылдаса
үйлесімділік шарттар бұзылады. Сондықтан жоғарыда аталған шектеуші шарттардың
орындалуы қатаң қадағалынады.
Егер сыртқы кілттің мәндерінің растығын ДББЖ бақыламайтын болса мәліметтердің
сілтеме үйлесімділігі бұзылады. Категориялық бүтіндікті және сілтемелік үйлесімділік
шарттарын ДББЖ-і Пысықтау тиіс. Категориялық бүтіндікті қамтамасыз ету үшін
жазбаларда кесте кілтінің бірдей мәндері болмаса жеткілікті, ал сілтеме үйлесімділікті
қамтамасыз ету күрделірек: басқа бір қатысқа сілтеме жасайтын қатысты өзгерткенде
(жаңа кортеж қосқанда) осы қатыстағы сыртқы кілтке мүмкін мәндерін енгізсе жеткілікті.
Ал сілтеме жасалып тұрған негізгі қатыстан бір кортежді өшіргенде сілтеме
үйлесімділікті қамтамасыз ететін келесі үш жағдайдың біреуін қолдануға болады:
- негізгі кестеде қосымша кестеден сілтеме жасалып тұрған ешбір кортежді
ӛшіруге болмайды (Restrict амалы); яғни алдымен қосымша кестедегі мұндай жазбаларды
ӛшіріп тастау керек;
- қосымша кестеден сілтеме жасалған сәйкес кортежді негізгі кестеден ӛшіргенде
қосымша кестедегі онымен байланыстағы барлық жазбалардағы сыртқы кілттің мәні
анықталмаған болады;
- әсерлі ӛшіру (Cascade Delete): негізгі кестеден бір жазбаны ӛшіргенде қосымша
кестедегі онымен байланыстағы барлық жазбалар жаппай ӛшіріледі.
Қазіргі мықты реляциялық ДББЖ-лерінде, мысалы, Microsoft Access2000, Microsoft
SQL Server 7.0/2000, т.с.с., мәліметтер базасында анықталған сілтеме үйлесімділік
тәртіптерін Пысықтау қадағаланған. Біртұтастық шарттары бұзылған жағдайда
пайдаланушыға диагностикалық хабарламалар беріледі.
Базаға ешқандай мәліметтер енгізілмеген жағдайда да ол мәліметтер қоры болып
қала береді. Ӛйткені онда мәліметтер болмаған күннің ӛзінде де, қандай да бір ақпарат бар
- бұл мәліметтер қорының құрылымы. Ол мәліметтерді енгізудің және сактаудың әдістерін
анықтап береді. Мәліметтер қоры кӛптеген объектілерден түрады, бірак солардың ең
негізгісі кесте болып табылады. Ең қарапайым мәліметтер қоры бір ғана кестеден тұрады.
Сәйкесінше, ең қарапайым мәліметтер қорының кұрылымы сол кестенің құрылымымен
анықталады.
Екі ӛлшемді кестенің кұрылымы жолдар мен бағандардан тұрады. Олардың аналогы
ретінде қарапайым мәліметтер қорында ӛрістер мен жазбаларды аламыз. Ӛрістердің
кұрамы мен қасиеттерін ӛзгерту арқылы, мәліметтер қорының күрылымын ӛзгертеміз.
Автоматтандырылған ақпараттық технологиялар оның құрылымын анықтап, келесі
процедуралардан құралады: бастапқы мәліметтерді тіркеу және жинақтау; ақпараттаық
массивтерді әзірлеу; мәліметтерді ӛңдеу, жинақтау және ұзақ мерзімде сақтау; нәтижелік
ақпараттарды қалыптастыру, мәліметтер кӛзінен оны ӛңдейтін орындарға жеткізу
(мәліметтерді беру) және нәтижелерді (түрлі анықтамалар, техникалық паспорттар,
тіркелуге алынған құжатта, т.с.с.) тұтынушыларға беру.
Бастапқы мәліметтерді жинақтау кезеңі ең жауапты кезең болғандықтан
мәліметтердің растығына, олардың құқықтық рәсімделуіне, толықтығына аса назар
аударылады. Және де бұл кезеңде кӛптеген мәліметтер тіркеуге алынады, кӛптеген