Page 18 - salyk
P. 18

4-тақырып. Қазақстан Республикасының салық жүйесі

                  Қарастырылатын  сұрақтар:
                  4.1Қазақстанның салық жүйесі түсінігі, құрылымы, қағидалары
                  4.2ҚР салық жүйесінің қалыптасу кезеңдері мен реформалары
                  4.3Қазіргі кезеңдегі салық жүйесінің даму перспективалары

                  4.1Қазақстанның салық жүйесі түсінігі, құрылымы, қағидалары
                       Салықтар  не үшін қажет? Заңды және жеке тұлғалар  мемлекетке не үшін
                  салық    төлеуі    тиіс?  Бұл  сұрақтарға  жауап  беру  үшін  мынадай  мысалды
                  қарастырайық.  Сіздің  жанұяңыз  -  шағын  мемлекет.  Жанұяның  өмір  сүруі
                  үшін  коммуналдық  төлемдер  мен  тұрғын  үйге,  тамақтануға,  жиһаздар  мен
                  тұрмыстық  заттарды  сатып  алуға  және  өзге  де  тіршілік  қажеттіліктерін
                  қанағаттандыруға қаражат қажет. Сондықтан отбасының табыс табатын әрбір
                  мүшесі  жанұяның  бюджетін  қалыптастыруға  атсалысуы  керек.  Бұл  анық.
                  Осы сияқты мемлекетке де шекараны қорғауға , басқару органдарын ұстауға,
                  құқықтық  тәртіпті  сақтауға  және  басқа  да  жалпы  мемлекеттік  қызметтерді
                  атқаруға  қажетті  жалпымемлекеттік  ақша  қаражаттарының  қоры  қажет,
                  басқаша  айтқанда-  мемлекеттік  қазына.  Осыған    орай    қоғамның    әрбір
                  мүшесі  мемлекеттік қазынаға  меншікті  табысының  белгілі  бір  мөлшерін
                  аударуы  тиіс. Сонымен, салықтар  қоғамның  жүйелі  дамуына  байланысты
                  мемлекетте  нақты  фактінің  болуына  негізделген  объективтік  қажеттілік
                  болып  танылады.  Өз    қызметтері    мен    міндеттерін    жүзеге    асыру    үшін
                  міндетті төлем түрінде  шаруашылық  жүргізуші субъектілер  мен  азаматтар
                  табысының  нақты    бір    бөлігі    мемлекет    иелігіне    алынуы    салықтардың
                  мәнін    анықтайды.    Мемлекет  қазынасына    төлемдерді    өндірістің    негізгі
                  қатысушылары    қамтамасыз  етеді:  өз  еңбегімен  материалдық    және
                  материалдық емес игіліктерді  жасап,  нәтижесінде нақты бір табыс алатын
                  жұмыскерлер;  кәсіпкерлік    саласындағы    шаруашылық    жүргізуші
                  субъектілер,  капитал  иелері.  Салық  жарналары  есебінен  бюджетке
                  жұмылдырылып,  әрі  қарай  іргелі  ғылымды  дамытуға,  әлеуметтік,
                  экономикалық,  әскери    және  қорғаныс,  құқық  қорғау    және  басқа  да
                  міндеттерді шешу үшін қажетті мемлекеттік ресурстар қалыптастырылады.
                       Салық  төлеушілер  мен  бюджет  арасындағы  өзара  қарым-қатынас  жүйесі
                  бір  жағынан  салықтардың  бюджетке  жұмылдырылуын  (жиналуын),  екінші
                  жағынан  бюджеттен  әртүрлі  салалардың  қаржыландырылуы  бойынша
                  байланыстар  жүйесін  сипаттайды.(1сурет).Бюджеттік-қаржылық  жүйесінің
                  негізгі және күре тамыры салықтар болып табылады. Салық салудың әдістері
                  мен  нысандары  әртүрлі.Бұл  сөз  кезегінде  салық  төлеушілердің  төлем
                  қабілеттілегін  анықтауға,  жалпы  салық  ауыртпалығын  психологиялық
                  тұрғыда  азайтуға,  табыс  нысандарының  көптүрлілігін  айқындауға,  тұтыну
                  мен жинауға ықпал жасауға мол мүмкіндік береді.Сонымен бірге алуан түрлі
                  салық  нысандарының  дербес  және  жиынтық  түрінде  тиімді  қызмет  етуін
                  қарастырады.
   13   14   15   16   17   18   19   20   21   22   23