Page 21 - salyk
P. 21

2.Курорттық алым
                  3.Азаматтардан алынатын мақсатты алым
                  4. Жарнамаға салынатын салық
                  5.Автокөлік құралдарын, есептеу техникасы және жеке компютерлерді қайта
                  сатуға салынатын салық
                  6.Автокөлікті аялдауға қойғаны үшін алынатын алым
                  7.Жергілікті символиканы пайдалану құқығы үшін алым
                  8. Ипподромдарда ат жарысына қатысқаны үшін алынатын алым
                  9.Ат жарысындағы ұтысы үшін алынатын алым
                  10.Ипподромдарда  тотализатор  ойынына  қатысушы  адамдардан  алынатын
                  алым
                  11.Тауар  биржаларында  және  валютаны  сату    және  сатып  алу  кезінде
                  жасалған мәмлелерден алынатын алым
                  12.Аукциондық сатудан алынатын алым
                  13.Кино-теле түсірімдер  өткізу құқығы үшін алынатын алым
                  14.Пәтер алуға берілген рұқсат қағаз (ордер) үшін алынатын алым
                  15.Ит иелерінен аланатын алым
                  16.Спиртті  ішімдіктермен  сауда-саттық  жасау  құқығы  үшін  алынатын
                  лицензиялық алым
                  17.Жергілікті  аукциондар  өткізу  және  лотереялар  ойнату  құқығы  үшін
                  алынатын лицензиялық алым.
                  Екінші кезең
                  Қазақстан  Республикасының  Үкіметі  1995  жылдың  басында    салық
                  реформасының  ұзақ  мерзіді  тұжырымдамасын  қабылдады,  онда  еліміздің
                  салық жүйесі мен салық заңнамасын бірте-бірте халықаралық стандарт салық

                  салу принциптеріне сәйкестендіру  көзделген еді. Осыған орай  1995 жылы
                  24  сәуірде  «Салық  және  бюджетке  төленентін  басқада  міндетті  төлемдер
                  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  Жарлығы  шықты.  Бұл  өз
                  қаржы  жүйемізді  құруға  ықпал  етті.  Ең  бастысы,  салық    төлеу  жүйесі
                  ықшамдалып, салық саны 45-тен 11-ге дейін қысқартылды. Оның ішінде 5-
                  еуі мемлекеттік, 6-ы жергілікті салықтар.
                  Жалпы мемлекеттік салықтар:
                  1.Заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы
                  2.Қосылған құнға салынатын салық
                  3.Акциздер
                  4.Бағалы қағаздар мен жасалатын операцияларға салынатын салық
                  5.Жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы салығы мен төлемдері
                  Жергілікті салықтар мен алымдар:
                  1.Жер салығы
                  2.Заңды және жеке тұлғаладың мүлкінесалынатын салық
                  3.Көлік құралдарына салынатын салық
                  4.Кәсіпкерлік  қызметпен  айналысатын  жеке  тұлғаларды  және    заңды
                  тұлғаларды тіркегені үшін алынатын алым
                  5.Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін алынатын алым
                  6.Аукциондардан алынатын алым
   16   17   18   19   20   21   22   23   24   25   26