Page 24 - salyk
P. 24

4.Аукционнан алынатын алым
                  5.Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым
                  6.Телевизия  және  радио  тарату  ұйымдарына  радио  жиілік  спектрін
                  пайдалануға рұқсат беру үшін алым.
                  Төлемақы  дегеніміз  белгілі  бір  қызмет  түрін  пайдаланған  кезде  төленетін
                  міндетті төлем.
                        Қазіргі кездегі төлемақының түрлері:
                  1.Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы
                  2. Жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы
                  3.Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы
                  4.Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы
                  5.Орманды пайдаланғаны үшін төлемақы
                  6.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы
                  7.Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы
                  7.1.Халықаралық    және  халықаралық  телефон  байланысын,сондай-ақ  ұялы
                  байланысты бергені үшін төлемақы(2005 жылы 1қаңтардан)
                  8.Кеме жүретін су жолдарын пайдаланғаны үшін төлемақы
                  9.Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы
                  Мемлекеттік  баж  –  уәкілдік  берілген  мемлекеттік  органдардың  немесе
                  лауазымды  адамдардың  заңдық  мәні  бар  іс-қимылдар  жасағаны  үшін  және
                  құжаттарды бергені үшін алынатын міндетті төлем.
                  Баж  салығы  –  алып  келінген,  сыртқа  шығарылатын,  сондай-ақ  транзитті
                  тауарлар , бұйымдар мен қызметтерден алынатын салықтар.
                  Мемлекеттік баж салығы – төленетін қызмет тізімі заңды және жеке тұлғалар
                  мүддесі үшін жасалатын әрекеттерді іздену арыздарын қамтиды.

                  Консулдық алым  – Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері
                  мен  консулдық  мекемелері  консулдық  іс-әрекеттер  жасағаны  және  заңдық
                  маңызы  бар  құжаттарды  бергені  үшін  шетелдіктерден,  азаматтығы  жоқ
                  адамдардан,  резидент  емес  шетелдік  заңды  тұлғалардан,  Қазақстан
                  республикасының жеке және заңды тұлғаларынан алынатын төлем.
                  Сонымен қатар кеден төлемдері де «Кеден» кодексіне сәйкес төленеді.

                  4.3Қазіргі кезеңдегі салық жүйесінің даму перспективалары
                      Салықтың  және  бюджетке  төленетін  басқа  да  міндетті  төлемдердің
                  түрлеріне тоқталатын болсақ:
                  1.Салықтың түрлері.
                  Корпоративтік  табыс салығы;
                  Жеке табыс салығы;
                  Қосылған құн салығы;
                  Акциздер;
                  Экспортқа рента салығы;
                  Жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтары;
                  Әлеуметтік салық;
                  Көлік құралы салығы;
                  Жер салығы;
   19   20   21   22   23   24   25   26   27   28   29