Page 26 - salyk
P. 26
5-тақырып. Қазақстан Республикасының салық саясаты
Қарастырылатын сұрақтар:
5.1Салық саясаты түсінігі. Мақсаты мен міндеттері
5.2Салық салудың принциптері
5.3Қазақстан Республикасындағы салық саясаты мен салық механизмі
5.1Салық саясаты түсінігі. Мақсаты мен міндеттері
Салық кодексі салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдерді белгілеу, енгізу және есептеу мен төлеу тәртібі жөніндегі билік
қатынастарын, сондай-ақ мемлекет пен салық төлеуші арасындағы салық
міндеттемесін орындауға байланысты қатынастарды реттейді..Салық саясаты
– мемлекеттің қаржылық қажеттіліктерін мемлекетпен салық төлеушілердің
экономикалық мүдделері тепе-теңдігінің сақталуы негізінде қамтамасыз ету
мақсатында жаңа салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдерді белгілеу және қолданыстағыларының күшін жою, салық және
бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша мөлшерлемелерді,
салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді, салық
базасын өзгерту жөніндегі шаралар жиынтығы 2.Салық саясатын жүзеге
асырудың әдістері мемлекет көрсетілген саясатты жүргізуде ұмтылатын
мақсатқа байланысты. Қазіргі әлемдік тәжірибеде салық төлеушіге салық
ауыртпалығын өзгерту, салық салудың бір түрін немесе тәсілін басқасымен
алмастыру, салық преференциялары мен жеңілдіктерін енгізу немесеалып
тастау, салық қойылымының дифференциалды жүйесін енгізу әдістері
кеңінен қолданылады.
Салық саясатының мақсаты бір жағдаймен қатып қалған және
жылжымайтын болмайды. Олар елдегі экономикалық және әлеуметтік
жағдаяттар болып табылған ең маңызды факторлар және әлеуметтік –саяси
күштердің қоғамдағы әсрі мен қалыптасады. Қазіргі жағдайда нарықтық
экономикасы дамыған мемлекет саық саясатын келесідей маңызды
мақсаттарға жету үшін жүзеге асырады:
- Мемлекеттің шаруашылық қызметті шектеуге немесе ынталандыруға,
сонымен қатар қоғамдық қайта бөлуге бағытталған экономиканы реттеуге
қатысуы;
- Үкіметтің барлық деңгейлерінің экономикалық және әлеуметтік саясатын
жүргізу үшін, оны тиісті атқарушы үкімет органдары өздеріне жүктелген
басқару функциясын орындауы үшін жеткілікті қаржы ресурстарымен
қамтамасыз ету;
- Мемлекеттік саясаттың табысты реттеуді қамтамасыз етуі.
Салық базасын құру мемлекеттік салық саясатының маңызды құралы, себебі
салық төлеушілердің әр түрлі санаттары үшін салық міндеттемесінің артуы
немесе кемуі осыған байланысты. Бұл өндіріс пен инвестициялық
жобалардың ұлғаюын және экономикалық дамудың өсуін (төмендеуін)
қосымша ынталандырады немесе шектейді.

