Page 27 - salyk
P. 27

5.2Салық салудың принциптері
                  Салық бюджетке төленетін міндетті төлем болып саналатын болса, ал салық
                  салу  салықтың  түрлері  бойынша  енгізу,  бекіту,  есептеу  және  төлеу
                  тәртібіндегі мемлекеттің жалпы ережелерін қарастырады.
                      Қазақстан  Республикасының  салық  заңдары  салық  салудың  бірнеше
                  принциптеріне негізделеді, атап айтқанда:
                  .  бірінші,  салық  және  бюджетке    төленетін  басқа  да  міндетті  төлемдерді
                  төлеудің міндеттілігі;
                  . Екінші, салық салудың айқындылығы;
                  . Үшінші, салық салудың әділдігі;
                  . Төртінші, салық жүйесінің біртұтастығы;
                  . Бесінші, салық заңдарының жариялылығы принциптері.
                      Салық салудың міндеттілігі қағидасы. Салық төлеуші салық міндеттемесін,
                  салық агенті салық есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндетті Қазақстан
                  Республикасының  салық  заңнамасына  сәйкес  толық  көлемде  және
                  белгіленген мерзімде орындауға тиісті.
                      Салық  салудың  айқындылығы  қағидасы.  Қазақстан  Республикасының
                  салықтары мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдері айқын болуы
                  қажет. Ол салық төлеушінің салық міндеттемесі, салық агентінің салықтарды
                  есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндеті туындауының, орындалуының
                  және     тоқтатылуының          барлық      негіздері     мен     тәртібінің     Қазақстан
                  Республикасының салық заңнамасында белгіленуін білдіреді.
                       Салық салудың әділдігі қағидасы. Республикасында салық салу  жалпыға
                  бірдей және міндетті. Жеке дара сипаттағы салық жеңілдіктерін беруге тиым
                  салынады.

                      Салық  жүйесінің  біртұтастығы  қағидасы.  Қазақстан  Республикасының
                  салық  жүйесі  мемлекеттің  бүкіл  аумағындағы  барлық  салық  төлеушілерге
                  (салық агенттеріне) қатысты бірыңғай жүйе болып есептеледі.
                      Салық заңдарының жариялылығы қағидасы. Салық мәселелерін реттейтін
                  нормативтік  құқықтық  актілер  ресми  басылымдарда  міндетті  түрде
                  жарияланады.
                      Салық  төлеу  міндеттілігі,  анықтылығы,  салық  салу  әділдігі,  салық
                  жүйесінің біртұтастығы мен салық заңнамасының жариялылығы қағидалары
                  өркениетті  елдердің  салық  жүйесіндегі  халықаралық  тәжірибеге  сай
                  өндірісті,  шағын  және  орта  бизнесті  дамытуға,  сондай-ақ  бюджетті
                  тұрақтандыруға жағдай жасауы тиіс.

                  5.3Қазақстан Республикасындағы салық саясаты мен салық механизмі
                  2018 жылдың 1 қаңтарында салықтық саясаттың жаңа бағыттары көрсетілген
                  Салықтық кодекс күшіне енді.
                  Салықтық  механизм  –  бұл  салықтық  құқық  қатынастары  (салықтық
                  жоспарлау) субъектілерінің жоспарлы, нақты орындалған, болжамдық салық
                  міндеттерін  бағалауын,  белгіленуін,  ынталандырушы  сипаты  ретінде
                  мемлекет  бюджетінің  орындау  барысында  ағымдағы  араласудың  ғылыми-
                  негізделген  шаралардың  қабылдануын  (салықтық  реттеу)  және  салық
   22   23   24   25   26   27   28   29   30   31   32