Page 32 - salyk
P. 32
ден-25 орындықтыны қоса алғанда 14 отыратын 25 орыннан жоғары 20
5. Мотоциклдер, мотороллерлер, мотошаналар, двигателінің қуаты 55
кВт-дан аспайтын көлемi шағын кемелер 1 Двигателінің қуаты 55 кВт-дан
жоғары мотоциклдер 10
6. Катерлер, кемелер, буксирлер, баржалар, яхталар (двигателінің қуаты
мынадай ат күшiне тең):
160-қа дейiн қоса алғанда 6 160-тан жоғары, 500-ді қоса алғанда 18 500-
ден жоғары, 1000-ды қоса алғанда, 32 1000-нан жоғары 55
Көлік құралы салығын төлеуден келесі жеке түлғалар босатылады:
1) салық салу нысаны болып табылатын бір автокөлік құралы бойынша
Ұлы Отан соғысына қатысушылар, соларға теңестірілетін адамдар, Ұлы Отан
соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі
үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен марапатталған
адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамырға
дейінгі аралықта кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы
Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери
қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен
марапатталмаған адамдар;
2) салық салу нысаны болып табылатын бір автокөлік құралы бойынша –
меншігінде мотоколяскалары мен автомобильдері бар мүгедектер;
3) салық салу объектісі болып табылатын бір автокөлік құралы бойынша –
Кеңес Одағының Батырлары мен Социалистік Еңбек Ерлері, «Халық
қаhарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарына ие болған, Даңқ
орденінің үш дәрежесімен және «Отан» орденімен наградталған адамдар,
«Ардақты ана» атағын алған, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен
наградталған көп балалы аналар;
4) ауыл шаруашылығы құрылымынан шығу нәтижесінде пай ретінде
алынған, пайдалану мерзімі жеті жылдан асқан жүк автомобильдері бойынша
жеке тұлғалар көлік құралдары салығын төлемейді. Көлік құралы салығынан
босатылатын жеке тұлғалармен қатар, уәкілетті мемлекеттік органның
қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерінің мемлекеттік
кәсіпорындары, шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық
режимі қолданылатын қызметте пайдаланылатын жер учаскелері бойынша
бірыңғай жер салығын төлеушілері және мемлекеттік мекемелер көлік
салығынан босатылады. Көлiк құралы меншiк құқығында, шаруашылық
жүргiзу құқығында немесе жедел басқару құқығында салық кезеңiнен аз
уақыт болған жағдайда, салық сомасы көлiк құралы меншiк құқығында,
шаруашылық жүргiзу құқығында немесе жедел басқару құқығында іс жүзінде
болған кезең үшiн салықтың жылдық сомасын он екіге бөлу және көлiк
құралы меншiк құқығында, шаруашылық жүргiзу құқығында немесе жедел
басқару құқығында iс жүзiнде болған айлардың санына көбейту арқылы
есептеледi.
6.3Көлік құралы салығын есептеу және төлеу тәртібі
Жеке тұлғалар үшiн бюджетке көлік құралдарына салынатын салықты

