Page 33 - salyk
P. 33

төлеу  мерзiмi  салық  кезеңiнiң  31  желтоқсанынан    кешiктiрiлмейтiн    күн
                  болып  табылады.
                     Мысалы:
                     Двигатель  көлемі  4200  текше.  см  жеңіл  автомобиль.  2012  жылғы  салық
                  сомасы  117  АЕК  =  117*1618  =  189306  теңге.  2012  жылғы  осы  автомобиль
                  бойынша салық сомасы:
                     117 * 1618 + 200*7 = 190706 теңге, 1618 – 2012 жылға АЕК. Көлемі 4000
                  текше. см асып кеткеніне әрбір бірлік үшін  қосымша 7 теңге төленеді.
                     2011  жылғы  1  қаңтардан  бастап  көлік  құралы  салығын    салуға    3  АЕК
                  мөлшерлемесі  бойынша  салық  салу  нысандары  болып  тракторлар,  а/ш
                  тыңайтқыш енгізуге арналған, өздігінен жүретін, жол-құрылыс машиналары
                  және    механизмдер,  жүріп  өту  шамасы  бар  арнайы  машиналар  және
                  жалпылай  қолданылатын  автомобильдер  жолдары  бойынша  жүруге
                  арналмаған  басқа  да  автокөлік  құралдары  жатады.  Жеңіл  автомобильді
                  көліктің двигатель көлемі  1500-ден 2000ды қоса алғанда , 2000-нан 2500-ді
                  қоса  алғанда,  2500-ден  3000-ды  қоса  алғанда,  3000-нан    4000-ды  қоса
                  алғанда, 4000-нан жоғарыны қоса алғанда салық сомасы двигательдің аталған
                  көлеміненасып түскен әрбір бірлік үшін 7 теңгеге ұлғайтылады. Пайдалану
                  мерзіміне  қарай  ұшу  аппараттарының  салық  мөлшерлемесіне  түзету
                  коэффициенттеріқолданылады.
                      Мысалы:  Салықтөлеушінің  жеке  меншігінде  2007  жылы  шығарылған
                  маркасы «Инфинити FX35»,  двигатель көлемі 3500 текше см. автокөлігі бар.
                  2012  жылға  көлік  құралы  салығынесептеу:  Бұл  жағдайда    Инфинити  FX35
                  автокөлігінің  двигатель  көлемі  3500  текше  см.  болған  жағдайда  двигатель
                  көлемі 500 текше см.-ге артық  (3500-3000) болады. Соған қарай, көрсетілген

                  көлік құралдарына 2012 жылы салық сомасы 26 180 теңге. (15*1618)+(500*7)
                  =  27770  теңге,  15-  салық  мөлшерлемесі  (  АЕК-нде),  500  –  двигатель
                  көлемінен  (3500-3000  текше  см.)  двигатель  көлемі  асып  кеткенде,    асып
                  түскен  әрбір  7  бірлікүшін  салық  мөлшерлемесі  теңгемен,  27770  тг  –  2012
                  жылға есептелген салық сомасы.

                     Бақылау сұрақтары:
                     1.Көлік құралдар салығын төлеушілер кімдер?
                     2.Көлік құралдар салығының ставкасы неге байланысты болады?
                     3.Салықтан кім босатылады?
                     4.Көлік құралдар салығын төлеу мерзімі.
                     5.Декларацияны салық органдарына табыс ету мерзімі?

                     Әдебиеттер:
                       1.Б.Ж.Ермекбаева, А.А.Нурумов, А.С.Бекболсынова, М.Ж.Арзаева, Оқулық.А.2014
                       2.Салық және салық салу.Оқулық. А.Д.Үмбетәлиев, Ғ.Е.Керімбек. А.2011
                       3.Салық Кодексі.Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы.
                  Юрист.2016

                  Тест сұрақтары:
                      1.  Халықаралық  шарттарды  қолдану  мақсаттары  үшін-жанама  салықтар  деп
                  танылады Салық кодексіне сәйкес:
   28   29   30   31   32   33   34   35   36   37   38