Page 37 - salyk
P. 37
1- Темір жол көлігінің ұйымдары үшін салық салу объектісі – Қазақстан
Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен темір жол көлігі
ұйымдарының объектілеріне берілген жер учаскелері (темір жолдар,
оқшаулау белдеулері, темір жол станциялары, вокзалдар орналасқан жер
учаскелерін қоса алғанда).
2- Энергетика және электрлендіру жүйесінің ұйымдары үшін салық салу
объектісі – балансында электр беру желілері бар осы ұйымдарға Қазақстан
Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен берілген жер
учаскелері (электр беру желілерінің тіректері мен кіші станциялар алып
жатқан жер учаскелерін қоса алғанда).
3- Мұнай мен газ өндіруді, тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдар үшін
салық салу объектісі – балансында мұнай және газ құбырлары бар осы
ұйымдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен
берілген жер учаскелері (мұнай құбырлары, газ құбырлары алып жатқан жер
учаскелерін қоса алғанда).
4- Байланыс ұйымдары үшін салық салу объектісі – балансында радио-
желілік, әуе, кабельдік байланыс желілері бар осы ұйымдарға Қазақстан
Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен берілген жер учаскелері
(байланыс желілерінің тіректері алып жатқанжер учаскелерін қоса алғанда).
Жер салығын анықтау үшін салық базасы – жер учаскесінің алаңы.
7.4Жер салығының ставкасы
Салық мөлшерлемелері жердің сапасына, тұрған орнына, сумен камтамасыз
етілуіне қарай, топырақ сапасы бойынша сараланған және жер алаңының бір
өлшеміне - гектарға, шаршы метрге белгіленген. Жерлерге салынатын
базалық салық мөлшерлемелері салық заңнамасымен белгіленеді. Ең жоғарғы
мөлшерлемелер елді мекендердің жерлеріне белгіленеді; бұл мөлшерлемелер
алаңның бір шаршы метріне белгіленген және елді мекендердің түрлері
бойынша: елді мекендердің жеріне, тұрғын үй қорының жеріне, сонын ішінде
оның іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерге
сараланған. Ең төменгі мөлшерлемелер шөлейтті, шөлді, тау бөктеріндегі
және таулы өңірлердегі суарылмайтын жерлерге белгіленеді. Жеке тұғаларға
кора-қопсы салынған жерді коса алғанда,өзіндік (қосалқы) үй
шаруашылығын,бағбандық және саяжай құрылысын жүргізу үшін берілген
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге базалық салық мөлшерлемелері
мынадай мөлшерде белгіленген:
1. алаңы 0,50 гектарга деін қоса алғанда - 0,01 гектар үшін 20 теңге;
2. алаңы 0,50 гектардан асатын алаңға - 0,01 гектар үшін 100 теңге.
Ауыл шаруашылығы, өнеркәсіптік және баска салалық мақсаттағы жерлерге
мөлшерлемелер алаңның бір гектарына есептеліп бонитет (сапа) балына бара
бар түрде жер салығының базалық мөлшерлемелері 1 ден 100 балға және
одан жоғары болып белгіленген. Елді мекендер түрлері және учаскелердің
мөлшерлері бойынша сараланған үй іргесіндегі жер учаскелеріне жекелеген
базалық мөлшерлемелер белгіленген. Жергілікті өкілді органдардың жер
заңнамасына сәйкес жер салығының базалық мөлшерлемелерінің 50

