Page 41 - salyk
P. 41
8-тақырып. Мүлік салығы
Қарастырылатын сұрақтар:
8.1 Жеке тұлғалардың мүлік салығы түсінігі, жеке тұлғалар салық салу
объектiлерi
8.2Жеке тұлғалардың мүлiк салығын төлеушiлері
8.3Жеке тұлғалардың салық салу объектiлерi бойынша салықты есептеу
және салық кезеңi
8.1 Жеке тұлғалардың мүлік салығы түсінігі, жеке тұлғалар салық салу
объектiлерi.Мүлік салығы тура нақты салыққа жатады, оның мөлшері
мүліктің табыстылығына емес, төлеушілер мүлкінің құнына байланысты
болады. Салық мүлік иіелеріне оны тиімді иеленуге түрткі болады. Мүлік
салығы оның біршама екі дербес түрін кіріктіреді: заңи тұлғалар мен дара
кәсіпкерлерге салынатын мүлік салығы және жеке тұлғалардың мүлік
салығы. Бірінші жағдайда Қазақстан Республикасы аумағында меншік,
шаруашылық жүргізу немесе оралымды баскару құқығында салық объекті
бар заңи тұлгалар, Қазақстан Республикасы аумағында меншік құқығында
салық салу объекті бар дара кәсіпкерлер, концессия келісімшартына
сәйкес концессия объекті болып табылатын салық салу объектін иеленуге,
пайдалануға құқығы бар концессионер мүлік салығын төлеушілер болып
табылады. Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуге жататын
және (немесе) есепте тұрган көлік құралдары, тіркемелерді қоспағанда,
салық салу объектілері болып табылады. Жүк көтергіштігі 40 тонна және
одан асатын карьерлік автосамосвалдар, мамандандырылган медициналық
көлік құралдары салық салу объектілері болып есептелмейді.
Салық мөлшерлемелері салық салу объектілеріне (көлік құралдары коз-
ғағышының көлеміне, жүк көтергіштігіне және түрлеріне) қарай айлық
есептік көрсеткіштермен (АЕК) белгіленген және көлік құралдарының
түрлері бойын- ша сараланған.
8.2Жеке тұлғалардың мүлiк салығын төлеушiлері
Меншік құқығында салық салу объектілері бар жеке тұлғалар жеке
тұлғалардың мүлік салығын төлеушілер болып ылады.Егер салық салу
объектісі бірнеше тұлғаның ортақ үлестік меншігінде болса, осы
тұлғалардың әрқайсысы салық төлеуші бола алады.
Салық заңнамасында белгіленген құқықтарда салық салу объектілері бар
заңи тұлганың шешімі бойынша оның құрлымдық бөлімшелері дербес салық
төлеушілер ретінде қарастырылады. Жекелеген жағдайларда мүлік салығын
төлеушілер Салықтық кодексте белгіленген тәртіппен анықталады. Меншік
иесі салық сапу объектілерін сенімгерлікпен баскаруга берген кезде меншік
иесімен келісім бойынша салық төлеуші сенімгерлік баскарушы болуы
мүмкін. Бұл ретте сенімгерлік баскарушының немесе жалга алушының

