Page 44 - salyk
P. 44
млн.теңгеден 120 млн. теңге және жоғары) жыл сайын 0,05%-дан 1,0%-ға
дейінгі мөлшерлеме бойынша төленеді.
Жеке тұлғалардың салық салу объектілері бойынша салықты есептеуді салық
кезеңінің 1 тамызынан кешіктірмей тиісті салық мөлшерлемесін салық
базасына қолдану арқылы салық төлеушінің тұрғылықты жеріне қарамастан
салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша салық органдары
жүргізеді. Мүлік салығының үлесі мемлекеттік бюджет түсімдерінде 1,9
пайызға жуық орын алады.
Меншік құқығында салық салу объектілері бар жеке тұлғалар және меншік,
шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығында салық салу
объектілері бар заңи тұлғалар, олардың құрылымдық бөлімшелері көлік
құралдары салығын төлеушілер болып табылады. Лизинг алушы қаржылық
лизинг-тің келісімшарты бойынша берілген (алынған) салық салу объектілері
бойынша көлік құралдары салығын төлеуші болып табылады.
Мыналар: жалпы меншік құқығында, өзінің мүшелеріне тиесілі және өзінің
ауыл шаруашылығы өнімін өндіру,сақтау және өңдеу үдерісінде тікелей
пайдаланылатын меншік құқығындағы көлік құралдары бойынша бірыңғай
жер салығын төлеушілер; өзінің ауыл шаруашылығы өнімін өндіруде
пайдаланылатын мамандандырылган ауыл шаруашылығының техникасы
бойынша ауыл шаруашылығы өнімін
өндірушілер; мемлекеттік мекемелер; Ұлы Отан соғысына катысушылар
және соларга тенестірілетін адамдар; мүгедектер; жоғары наградтармен
марапатталган адамдар және біркатар субъектілер көлік құралдары салығын
төлеуден босатылады.
8.3Жеке тұлғалардың салық салу объектiлерi бойынша салықты есептеу
және салық кезеңi
Бұл ретте салықты есептеу үшін Республикалық бюджет туралы заңда
белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болган
АЕК қолданылады. Пайдаланылу мерзіміне қарай ұшу аппаратының салық
мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттері қолданылады. Салық төлеуші
салық салу объектілерін, әрбір көлік құралы бойынша салық мөлшерлемесін
негізге ала отырып, салық кезеңі үшін салық сомасын дербес есептейді.
Көлік құралы меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе
оралымды басқару құқығында салық кезеңінен аз уақыт болган жағдайда,
салық сомасы көлік күралы меншік құқығында, шаруашылық жүргізу
құқығында немесе оралымды баскару құқығында іс жүзінде болған кезең
үшін салықтын жылдық сомасын он екіге бөлу және көлік құралы меншік
құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды баскару
құқығында іс жүзінде болган айлардың санына көбейту арқылы есептеледі.
Салық кезеңі ішінде дара кәсіпкерлер, жекеше нотариустар, адвокаттар өз
қызметінде пайдаланатын салық салу объектілеріне меншік құқығын, сондай-
ақ заңи тұлгалар салық салу объектілеріне меншік, шаруашылық жүргізу
немесе оралымды баскару құқықтарын берген кезде салық сомасы белгілі бір
тәртіппен есептеледі. Сатып алу кезінде Қазақстан Республикасында есепте

