Page 48 - salyk
P. 48

белгілі бір теңестіруге жанама салықтардың өзіндік әлеуметтік бағыттылығы
                  осында  көрінеді.  Дүниежүзілік  тәжірибе  мұндай  практиканы  қолдап
                  отырады.

                  9.2 Жанама салықтардың түрлері
                       Жанама        салықтары         3      түрге       бөлінеді:       мүліктік       және
                  тауар ақша қатынастарынан туындайтын салықтар, тұтыну салығы мен кеден
                  бажы. Алғашқы түрге қосымша құн салығы жатады.
                  Екінші  түрге  акциздер, жанар  жағармай  сатуға  салынатын  салық,  тағы
                  басқалар жатады.Мүлік және тұтыну салықтарына, сондай-ақ мүліктік және
                  тауар ақша қатынастарынан                 туындайтын             салықтарға           салық
                  органдары өкім жүргізеді.                 Кеден             бажын              алуды кеден
                  органдары реттейді.Заң жүзінде  салықтардың  бұл  санаты  шаруашылық
                  жүргізуші  субъектілерге  енгізіледі,  бірақ  олар  технология  тізбек  бойынша
                  тұтынушыларға  аударады.  Соның  салдарынан  барлық  жанама  салықтарды
                  ақырғы  төлеуші,  ақырғы  тұтынушы  –  жұртшылық.  Сондықтан  төте
                  салықтардан  өзгеше  түрде  жанама  салықтар  көбінесе  тұтынушылардың
                  мүліктік  дербестігіне  тікелей  сай  келмейтін  көпшілік  қолды  тұтыну
                  заттарына  салынып,  ауыртпалығы,  әсіресе,  халықтың  кедей  табына  түседі
                  және      олардың       көлемі     төлемшілердің         қаражатына       кереғар      келіп
                  жатады.Салық  төлеушінің  табысымен  немесе  мүлкімен  байланысты  емес,
                  бағаға немесе тарифке үстеме түрінде белгіленетін салықтар. Қосылған күн
                  салығы  мен  акциз,  сондай-ақ  сыртқы  экономикалық  қызметтен  түсетін
                  түсімдер  (кеден  баждары,  экспорт  пен  импорт  салықтары  түріндегі  кеден
                  кірістері,  ішкі  рынокта  еткізілетін  тауарлар  бағасындағы  және  олардын

                  фактуралық құны арасындағы айырма) жанама салықтарға жатады.
                  Жанама  салықтар  –  жоғарыда  атап  өткендей,  баға  немесе  тарифке  үстеме
                  түрінде  белгіленген  салықтар,  олар  салық  төлеушінің  табыстарына  немесе
                  мүлкіне тікелей байланысты емес. Жанама салықтар мемлекеттің фискальды
                  мүдделерін  білдіреді.  Оларды  саналы  пайдалану  баға  белгілеу  процесіне
                  оңтайлы  ықпал  жасауы  және  тұтыну  құрылымына  әсер  етуі  мүмкін.  Бұдан
                  басқа,  салық  төлеушілер  үшін  табыстарға  тура  салық  салудың  өсуінен  гөрі
                  олардың  шығыстарына  салық  салудың  өсуі  жақсырақ.  Сонымен  бірге
                  тұтынуға  салынатын  салықтар  болып  табылатын  акциздердің,  сатудан
                  алынатын  салықты,  қосылған  құнға  салынатын  салықты  пайдаланудың
                  көбірек  артықшылығы  болады,  өйткені:  олардан  жалтарыну  қиынырақ;
                  олармен  экономикалық  бұзушылық  аз  байланысты;  олар  еңбекке  деген
                  ынталандырмаларды  аз  қысқартады;  тапшылықтың  жоқтығы  жағдайында,
                  ауыстырушы  тауарға  да  тапшылықтың  жоқтығын  қоса  олар  тұтынушыға
                  таңдау құқығын сақтап қалады; салықтардың жасырымдылығын қамтамасыз
                  етеді  және  т.с.с.Алайда  тұтынуға  салынатын  салық  өсуінің  кемшіліктері  де
                  бар,  бұл  кемшіліктерге  олардың  инфляциялық  және  регресифтік  сипатын
                  жатқызуға болады. Бірақ бұл салықтардың оң нәтижесі олардың теріс әсерін
                  жауып кетеді. Егер баға өсетін болса, сонымен бірге бюджет шығыстары да
                  өсетін  болса,  онда  бұл  салықтардан  түсетін  түсімдер  бағаның  өсуімен
   43   44   45   46   47   48   49   50   51   52   53