Page 52 - salyk
P. 52

10-тақырып.Ойын бизнесіне салынатын салық

                  Қарастырылатын сұрақтар:
                  10.1Ойын бизнесі салығы
                  10.2Ойын бизнес салығының салық салу нысандары, салық ставкалары
                  10.3Салық есептеу тәртібі және төлеу мерзімі

                  10.1Ойын бизнесі салығы
                  Қазақстан  республикасындағы  ойын  бизнес  саласына  жататын  қызмет
                  түрлеріне  казино,  ойын  автоматтары  залы,  тотализатор,букмекерлікмкеңсе
                  жатады.Осы  қызмет  түрлерімен  айналысатын  кәсіпкерлер  немесе  жеке
                  меншік иелері ойын бизнесі салығын төлеушілер болып табылады.
                  Бұл салық түрі 2008 жылдан бастап қолданысқа енгізілді.Осы мерзімге дейін
                  акциз салығында акцизделетін қызмет түрі ретінде қолданыста болды.
                        Ойын орындары, тотализатор және букмекерлік кеңсе кассалары тұрғын
                  үйлерден басқа ғимараттарда ғана ашылуы тиіс. Өндірістік мекемелер және
                  олардың  кешендерінде,  коммуналдық  және  қоймалық  нысандарды,  мәдени
                  ғимараттарда,  білім,  денсаулық  сақтау,  мәдениет  ұйымдарында,  әуе  жайда,
                  вокзалдарда , бекеттерде, қалаалық және қала маңайындағы қоғамдық көлік
                  аялдамаларында оларды орналастыруға тыйым салынады.
                       Казинодағы  үстел  саны    20  дан  кем  болмауы  керек.  Ойын  автоматтары
                  залдарында 50 ден кем емес ойын автоматтары қойылуы қажет. Казино мен
                  ойын автоматтары залдарының қабырғаларына, терезе және есік ойықтарына
                  ойын автоматтарын немесе оның бөліктерін қондыруға тыйым салынады.
                      Ойын  автоматына  технология  бойынша  енгізілген  ұтыс  пайызы
                  90пайыздан кем болмауы керек.

                  10.2Ойын бизнес салығының салық салу нысандары, салық ставкалары
                  Ойын  бизнесі  саласындағы  қызметті  жүзеге  асыру  кезінде  алық  салу
                  объектілері:
              1)  Ойын үстелі;
              2)  Ойын автоматы;
              3)  Тотализатор кассасы;
              4)  Тотализатордың электронды кассасы;
              5)  Букмекер кеңсесінің кассасы;
              6)  Букмекер кеңсесінің электронды кассасы.
                  1)  Ойын  үстеліне  –  айына  айлық  есептік  көрсеткіштің  830  еселенген
                  мөлшерін;
                  2)Ойын  автоматына  -  айына  айлық  есептік  көрсеткіштің  30  еселенген
                  мөлшерін;
                  3) Тотализатор кассасына – айына айлық есептік көрсеткіштің 125 еселенген
                  мөлшерін;
                  4)Тотализатордың электронды кассасына - айына айлық есептік көрсеткіштің
                  125 еселенген мөлшерін;
                  5)  Букмекер  кеңсесінің  кассасына  –  айына  тиісті  қаржы  жылына  арналған
   47   48   49   50   51   52   53   54   55   56   57