Page 57 - salyk
P. 57
12-тақырып.Қосылған құн салығы
Қарастырылатын сұрақтар:
12.1Қосылған құнға салынатын салықтың экономикалық мәні
12.2ҚҚС төлеушілер
12.3ҚҚС- ның артықшылықтары мен кемшіліктері
12.1Қосылған құнға салынатын салықтың экономикалық мәні
Қосылған құнға салынатын салық, кейде қосылған құн салығы- жанама салық
түрі, қосылған құнның мемлекеттік бюджетке аударылатын бөлігі,
бюджеттің маңызды көздерінің бірі. Кәсіпорын, бір жағынан, сатылған
өнімдерден қосымша құн салығын алушы болса, екінші жағынан,
жабдықтаушылардан өндіріс құралдарын сатып алушы ретінде қосылған құн
салығын төлеуші болып табылады. Қосылған құн салығын төлеушілер салық
кодексінде белгіленеді. Мемлекеттік бюджетке төленетін қосылған құн
салығының көлемі өндірушінің сатқан тауары үшін есептелген салық пен
жабдықтаушыларға шикізат, материалдар, отын мен энергия, тағы басқа
өнімдер үшін төленген қосылған құн салығының айырмасы негізінде
есептеледі. Яғни салық төлеушілер қосылған құн салығын тауарларды
өндіруге жұмсалған материалдық шығынды шегере отырып есептейді. Салық
салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге тиіс қосылған құн
салығының сомасы, салық кодексіне сәйкес, салық салынатын айналым
бойынша есептелген қосылған құн салығының сомасы мен шегерімге
жатқызылған салық сомасы арасындағы айырма ретінде анықталады. Соңғы
кездері Қазақстанның экономикалық даму үдерісін қамтамасыз ету
мақсатында қосылған құн салығының мөлшерін азайту шаралары іске
асырылуда. 2004 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық төлеушілер қосылған
құн салығын 12 пайыз мөлшерінде төлейтін болды.
ҚҚС ең маңызды жанама салық түрі бола отырып, салықтардың
қазынашылық және реттеушілік қызметтерін атқарады. Бірінші қызметті
салық салудың нақты базасының және салықтың жиналуының есебінен
бюджет табысы берілген салық бойынша түсімдерді көбейтуді жүзеге
асырады.. Ал реттеушілік қызметі өз куезегінде тауар айналымының
мерзіміне және оның сапасына бақылауды күшейтеді, өндірістік қорлануды
ынталандырады.
ҚҚС –ның салық салу объектілері. Қазақстан Республикасында ҚҚС-тың
негізінен екі салық салу объектілері бар:
1)салық салынатын айналым;
2)салық салынатын импорт.
12.2ҚҚС төлеушілер
ҚҚС төлеушілер:
1) Қазақстан Республикасында ҚҚС бойынша тіркеу есебіне тұрған мынадай
тұлғалар:
- дара кәсіпкерлер;

