Page 60 - salyk
P. 60
13-тақырып.Жеке табыс салығы
Қарастырылатын сұрақтар:
13.1Қазақстандағы жеке табыс салығы және оның дамуы
13.2Жеке табыс салығын төлеушілер. Салық салу объектілері
13.3Салық салу объектілері
13.4Жеке табыс салығының ставкалары
13.1Қазақстандағыжеке табыс салығыжәнеоныңдамуы
Жеке табыс салығы төлем көзінен табыс алатын тұлғалардан алынады. Оның
мәні жеке тұлғалардың барлық табыстарына салық салу болып табылады.
Мемлекеттік бюджетте жеке табыс салығы бойынша қаражаттардың түсімі
барлық салық төлемдерінің 9 пайызын алады. Жеке табыс салығы толығымен
жергілікті бюджетке түседі. Жергілікті бюджетте жеке табыс салығы өзінің
үлесімен ерекше орын алады. Өйткені барлық жергілікті бюджетке түсетін
салықтардың 37-40 пайызы осы салықтың үлесіне жатады. Салық салу
нысандары бар жеке тұлғалар жеке табыс салығын төлеушілер болып
есептеледі.Салық салу нысаны төлем көзінен салық салынатын табыстар
болып саналады. Төлем көзінен салық салынатын табыстарға мыналар
жатады:
- Қызметкердің табысы;
- Біржолғы төлемдерден алынған табыстар;
- Жинақтаушы зейнетақы қорларынан берілетін зейнетақы төлемдері;
- Дивиденттер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі табыс;
- Стипендиялар;
- Жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табыс.
Салық салуға жатпайтын табыстар. Жеке тұлғаның салық салынатын
табыстарынан оның мынадай түрлері алынып тасталады:
1)Балаларға және асырауындағы адамдарға алынған алименттер;
2)Жеке тұлғалардың қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен
қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы негізінде банктер мен
банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы
салымдары бойынша оларға төленетін сыйақылар;
3)Борыштық бағалы қағаздар бойынша сыақылар;
4)Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар, агенттік облигациялар бойынша
сыйақылар;
5)Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының
ресми тізімінде болатын бағалы қағаздар бойынша дивиденттер мен
сыйақылар;
6)Пайлы инвестициялық қорларды осы қордың басқарушы компаниясы
құнын өтеп, сатып алған кездегі пай бойынша табыстар;
7)скери қызметшінің әскери қызмет міндеттерін орындаумен байланысты,
құқық қорғау органы қызметкерінің (кеден органының қызметкерін
қоспағанда) қызметтік міндеттерін орындаумен байланысты табыстары;
8)Республикалық бюджет туралы Заңда белгіленген және мұндай ұтыстарды

