Page 65 - salyk
P. 65
14-тақырып.Әлеуметтік салық
Қарастырылатын сұрақтар:
14.1Қазақстандағы әлеуметтік салықтың дамуы
14.2Салық салу нысаны мен төлеушілері
14.3Әлеуметтік салық ставкалары және оларды есептеу тәртібі.
14.1Қазақстандағы әлеуметтік салықтың дамуы
Әлеуметтік салық жергілікті бюджеттердің кіріс бөлімінің салық түсімдері
ең маңызды салықтардың бірі болып саналады. Ол 1999 жылдан бері бұған
дейін қолданылып келген әлеуметтік қорларға: зейнетақы, мемлекеттік
әлеуметтік сақтандыру, міндетті медициналық сақтандыру, халықты
жұмыспен қамту қорларына аударылатын сақтық жарналары
аударымдарының орнына енгізілген.
Әлеуметтік салықтан түсетін түсімдер мемлекеттік жергілікті бюджетке
33-35 пайыз түсім береді.
Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түреріне арналған арнаулы салық
режимі ойын бизнесі, боулинг, картинг, бильярд, лото ойындары саласында
қызмет көрсететін заңды және жеке кәсіпкерлікке қолданылады.
Әлеуметтік салықтар-нысаналы мақсаттағы тікелей салықтар
түрі.Әлеуметтік салықтар әлеуметтік мақсаттғы бюджеттен тыс нысаналық
қорлардың,зейнетақы қорларының,әлеуметтік сақтандыру жұмыспен қамту
қорларының негізгі көзі болып табылады.
14.2Салық салу нысаны мен төлеушілері
Салық салу нысаны-еңбек міндеттерін орындағаны үшін төлемнің алуан
түрлері.
Әлеуметтік салықтар азаматтарды мемлекеттік қорғау жүйесіның дамуымен
байланысты дүниеге келді.Заңды және жеке тұлғалар төлейтін әлеуметтік
салықтар мөлшерлемесінің ара қатынасы нақты бір елдегі қалыптасқан
экономикалық, әлеуметтік және саяси жағдайларға байланысты. Мысалы,
АҚШ та жұмыс берушілер мен жалдамалы жұмыскерлер зейнетақы қорына 9
пайыздан төлейді. Қазақстанда 10 пайыздан аударылады. Әлеуметтік салық
ты төлеушілер – елдің резидент – Заңды тұлғалары, сондай-ақ елде қызметін
тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер, жеке
кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар. Резидент – тұлғалар мен
бейрезиденттер үшін белгіленген төлемді қоспағанда, жұмыс берушінің
қызметкерлерге белгіленетін кірітер түрінде төлейтін шығыны, ал жеке
кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар үшін төлеушілердің өздерін қоса
алғанда, қызметкерлер саны салық төлеу объектісі болып табылады.
Әлеуметтік салық 1999 жылдан бұған дейін қолданылып келген
әлеуметтік қорларға: зейнетақы, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру, міндетті
медициналық сақтандыру, халықты жұмыспен қамту қорларына
аударылатын сақтық жарналары аударымдарының орнына енгізілген.
Аударымдардың жиынтық мөлшерлемесі еңбекке ақы төлеу қорының 28

