Page 69 - salyk
P. 69
15- тақырып. Алымдар және төлеушілер
Қарастырылатын сұрақтар:
15.1Алымдар жөнінде жалпы түсінік.
15.2Алымдардың түрлері.
15.1 Алымдар жөнінде жалпы түсінік. Алым дегеніміз – белгілі бір қызмет
түрін бастар алдында немесе осы қызмет түріне құқық берер кезде төленетін
міндетті төлем. 2002 жылы алымның 13 түрі болды.2003 жылдан бастап
“елтаңбалық алым алынып тасталды”.2005жылы алымдарға өзгерістер
еңгізілді, яғни: 3.1. “Жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркегені үшін
алым ” және 6.1.“Кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын
мемлекеттік тіркеу үшін”және 8.1.”Туындылар мен сабақтас құқықтар
объектілеріне құқықтарды туындылармен сабақтас құқықтар объектілерін
пайдалануға лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеу үшін” алымдары
қосылды.
Ал енді осы алымдардың экономикалық мазмұнын баяндайық.
15.2 Алымдардың түрлері. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін
алым. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алым заңды тұлғаларды
және олардың филиалдарды мен өкілдіктерін құру мен қызметін тоқтатуды
мемлекеттік (есептік)тіркеу,оларды қайта тіркеу сондай-ақ олардың
мемлекеттік (есептік) тіркеу туралы куәліктің дубрикатын алуы кезінде
алынады.
Тіркеуді Қазақстан Республикасының заң актісінде белгіленген тәртіппен
және жағдайларда уәкілетті орган (әділет органдары) жүзеге
асырады.Қазақстан Республикасының заң актісіне сәйкес тіркелетін заңды
тұлғалар,сондай-ақ олардың филиалдары мен өкілдіктері алым төлеушілер
болып табылады.
2.Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.
Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алым жеке кәсіпкерлер
ретінде Қазақстан Республикасының аумағында заңды тұлға құрмай
кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаларды мемлекеттік тіркеу
кезінде,сондай-ақ олар мемлекеттік тіркеуді куәландыратын құжаттың
дубликатын алған кезде алынады.
3.Жылжымайтын мүлікке және онымен жасалатын мәмілелерге
құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін алым-жылжымайтын мүлікке және
онымен жасалатын мәмілелерге құқықтарды мемлекеттік тіркеу
кезінде,сондай-ақ мемлекеттік тіркеуді куәландыратын құжаттың
дубликатын алған кезде алынады.
4.Радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиіліктегі құрылғыларды
мемлекеттік тіркегені үшін алым радиоэлектрондық құралдармен жоғары
жиіліктегі құрылғыларды тіркеу кезінде сондай-ақ мемлекеттік тіркеуді
куәландыратын құжаттың дубликатын алған кезде алынады.
5.Механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді мемлекеттік тіркегені
(қайта тіркегені) үшін алым-механикалық көлік құралдарымен тіркемелерді

