Page 71 - salyk
P. 71
Радиожиілік спектрінің белдеулерін (номиналдарын) бөлу Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес конкурстық негізде жүргізілуі мүмкін.
Радиожиілік спектрінің белдеулерін( номиналдарына) конкурс өткізу
арқылы бөлу кезінде алынатын бір жолғы сомалар осы тарауға сәйкес
төленуге тиісті алымның есебіне жатқызылмайды.
Байланыс саласындағы уәкілетті орган тоқсан сайын,есепті тоқсаннан
кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей, салық төлеушіні есепке алып, тіркеген
жер бойынша салық органына уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген
нысанда ақпарат табыс етеді.
Жоғарыда аталған телевизия және радио хабарларын тарату
ұйымдары алым төлеушілер болып табылады.
Өздеріне жүктелген негізгі функционалдық міндеттеріне орындау
үшін радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат алған мемлекеттік
мекемелер алым төлеуден босатылады.
Бақылау сұрақтары:
1. Алымдар дегеніміз не?
2. Алымдардың экономиалық мазмұны.
3. Алымдардың түрлері
4. Заңды тұлғаларды және жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.
5. Дәрі-дәрмек құралдарын мемлекеттік тіркегені үшін алым
6. Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым
Әдебиеттер:
1.Салық және салық салу.Оқулық. А.Д.Үмбетәлиев, Ғ.Е.Керімбек. А.2011
2.Б.Ж.Ермекбаева, А.А.Нурумов, А.С.Бекболсынова, М.Ж.Арзаева, Оқулық.А.2014
3.С.Н.Абиева.,М.М.Алиева, Салық және салық салу. Алматы,2012

