Page 67 - salyk
P. 67
байланысты алатын төлемақылардың барлық түрлері; экологиялық апат
немесе ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап
шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы ҚР заңнамасына сәйкес
төленетін төлемақылар; бюджеттік қаражаттар есебінен төленетін бііржолғы
төлемдер (еңбекақы түріндегі төлемдерден басқа); өз жұмыскерлеріне
міндетті және жинақтаушы сақтандыру келісім-шарттары бойынша жұмыс
беруші төлейтін сақтық сыйақылары; жинақтаушы зейнетақы қорларына ҚР
Заңнамасында белгіленген мөлшердегі ерікті және кәсіби зейнетақы
жжарналараы және т.б. табыстар, Сондай-ақ: мемлекеттер, мемлекеттердің
үкіметері және ьхалықаралық ұйымдар желілері арқылы берілетін гранттар
қаражаты есебінен жасалатын төлемдер; ҚР Президенті, ҚР-ның Үкіметі
тағайындайтын мемлекеттік сыйақылар, стипендиялар; спорт жарыстарында,
байқауларда, конкурстарда жүлделі орындар үшін берілетін ақшалай
марапаттар; ұйым таратылған немесе жұмыс берушінің қызметі тоқтатылған,
жұмыскерлердің штат саны қысқартылған немесе жұмыскер әскери қызметке
шақырылған жағдайларда еңбек келісім шарты бұзылған кезде ҚР
Заңнамасында белгіленген мөлшерлерде төленетін өтемдер; жұмыс
берушінің жұмыскерлерге пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін төлейтін
өтемдері; ҚР заңнамасына сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорларына
жұмыскерлердің міндетті зейнетақы жарналары салық салу объекті болып
табылмайды.2009 жылдан бастап әлеуметтік салық 11пайыздық мөлшерлеме
бойынша есептеледі.Арнаулы салық режімін қолданатындарды
қоспағанда,дара кәсіпкерлер,жекеше нотариустар,адвокаттар,өзі үшін
Республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және төленетін күні
қолданыста болған айлық есептік көрсеткештің екі еселенген мөлшерінде
және әрбір жұмыскер үшін айдық есептік көрсеткіштің бір еселенген
мөлшерінде,ал тірек қимыл мүшесі бұзылған,есту,сөйлеу көру қабілетінен
айырылған мүгедектер жұмыс іститін мамандандырылған ұйымдар 4,5 пайыз
мөлшерлеме бойынша әлеуметтік салық төлейді.Шаруа немесе фермер
қожалықтарына арналған арнаулы салық режімдерін қолданатын дара
кәсіпкерлер үшін патент немесе оңайлатылған мағлұмдама негізінде арнаулы
салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін салық заңнамасында
әлеуметтік салық мөлшерлемелері белгіленген.Әлеуметтік салықты
төлеу,салық төлеушінің орналасқан жері бойынша есепті тоқсаннан кейінгі
айдың 25 нен кешіктірілмей жүргізіледі.
Құрылымдық бөлімшелері бар әлеуметтік салық төлеушілер әлеуметтік
салық төлеуді осы құрылымдқ бөлімше жұмыскерлерінің табыстары
бойынша есептелген әлеуметтік салқты негізге ала отырып жүзеге асырады.
Мемлекеттік
Мекемелердің есепті айға есептелген әлеуметтік салық сомасы ҚР
Заңнамасына сәйкес еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша төленген
әлеуметтік жәрдемақы сомасына азайтылады. Есепті айда жоғарыда аталған
әлеуметтік жәрдемақының төленген сомасы есептелген әлеуметтік салық
сомасынан асып түскен жағдайда асып түскен сома келесі айға
ауыстырылады.

