Page 66 - salyk
P. 66

пайызы  мөлшерінде  белгіленді,  ал  төленетін  жарналардың  сомасы  өндіріс
                  шығындарына  жатқызылды.  Әлеуметтік  салықтан  түсетін  түсімдер
                  мемлекеттік бюджетте 6,2 пайызды құрады. Салық жұмыс істеген жылдары
                  оның мөлшерлемелері өзгеріп  отырды, әр түрлі салық төлеушілері үшін 26
                  пайыздан 6,5 пайызға  дейін сараланды. Онан кейін  оның мөлшерлемесі 21
                  пайызға дейін төмендетілді; 2008 жылдан салық салу объектісінің мөлшеріне
                  қарай 13 пайыздан 5 пайызға дейін жаңа салық мөлшерлемелері белгіленді.
                  Дара  кәсіпкерлер  ,  жеке    нотариустар,  адвокаттар  ҚР-ның  заңи  тұлға-
                  резиденттері,  сондай-ақ,  Қазақстана  қызметін  тұрақты  мекемелер  арқылы
                  жүзеге  асыратын  бей  резиденттер  әлеуметтік  салық  төлеушілер  болып
                  табылады.  Заңи  тұлға  –  резиденттің  шешңмң  бойынша  оның  құрылымдық
                  бөлімшелері әлеуметтік салық төлеушілер ретінде қарастырылуы мүмкін.

                  14.3Әлеуметтік салық ставкалары және оларды есептеу тәртібі.
                      Әлеуметтік салық бойынша салықтық есептемені есептеуді, төлеуді және
                  табыс етуді: ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші заңи тұлғалар мен селолық
                  тұтыну  кооперативтері  үшін;  оңайлатылған  мағлұмдама  негізінде  шағын
                  бизнес субъектілері үшін; патент негізінде шағын бизнест субъектілері үшін;
                  шаруа  немесе  фермер  қожалықтары  үшін  салық  заңнамасында  белгіленген.
                  Ерекшеліктерді  ескере  отырып,  арнаулы  салық  режимдерін  қолданылатын
                  төлеушілер жүргізеді.  Жұмыс берушінің материалдық, әлеуметтік игіліктер
                  немесе  өзге  де  материалдық  пайда  түрінде  жұмыскер-резиденттерге  берген
                  табыстарды  қоса  алғанда,  жұмыс  беруші  төлейтін  ақшалай  немесе  заттай
                  нысандағы кез-келген табыстар түріндегі оның жұмыскер  бейрезиденттерге
                  төлейтін  шығыстары,  сонымен  бірге  шетелдік  персоналдық  табыстары

                  аталған  төлеушілер  үшін  әлеуметтік  салық  салу    объекті  болып
                  табылады.Егер    жұмыскерге  күнтізбелік  ай  үшін  есептелген  табысының
                  жалпы  суммасы  республикалық  бюджет  туралы  заңда  белгіленген  және
                  осындай  күнтізбелік  айдың  соңғы  күні  қолданыста  болған  жалақының  ең
                  төмен  мөлшерінен  төмен  әлеуметтік  салық  салу  объекті  жалақының    ең
                  төменгі  мөлшері  негізінде    анықталады.  Мыналар:  Республикалық  бюджет
                  туралы  заңда  белгіленген  ең  төменгі  жалақы  мөлшерінде,  қоғамдық
                  жұмыстарды  орындауға  және  кәсіпкерлік  оқуға  байланысты  бюджет  және
                  гранттар  қаражаттары  есебінен  жүзеге  асырылатын  төлемдер;  Әлеументтік
                  сақтандырудың мемлекеттік қорынан төленетін  әлеуметтік төлемдер; Білім
                  беру ұйымдарында оқитындарға ҚР Заңнамаснда мемлекеттік стипендиялар
                  үшін  белгіленген    мөлшерде  төленетін  стипендиялар;  қайырымдылық  және
                  демеушілік  көмек  түрінде  алынған    мүліктің  құны;  16  жасқа  толмаған
                  балалар  үшін  лагеріне    жолдамалардың  құны;    жұмыс  беруші  өз
                  жұмыскерлеріне міндетті және жинақтаушы сақтандыру келісім – шарттары
                  бойынша  төлейтін    сақтық  сыйақылар;  әскери  службаның  міндететрін
                  атқарған  кезде    әскери  қызметшілерге  берілетін,  ішкі  істер  органдарының,
                  қаржы полициясының, қылмыстық атқару жүйесінің және мемлекеттік өртке
                  қарсы  службасының  органдары  мен  мекемелерінің  белгіленген  тәртіппен
                  арнаулы  атақ  берілген  қызметкерлері  службалық  міндеттерін  атқаруына
   61   62   63   64   65   66   67   68   69   70   71