Page 70 - salyk
P. 70
мемлекеттік тіркеу кезінде,сондай-ақ мемлекеттік тіркеуді куәландыратын
құжаттың дубликатын алған кезде алынады.
6.Теңіз,өзен кемелері мен шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркегені
(қайта тіркегені) үшін алым теңіз,өзен кемелері мен шағын көлемді кемелерді
мемлекеттік тіркеу кезінде ,сондай-ақ мемлекеттік тіркеуді куәландыратын
құжаттың дубликатын алған кезде алынады.
7.Азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркегені (қайта тіркегені) үшін
алым-азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу кезінде,сондай-ақ
мемлекеттік тіркеуді куәландыратын құжаттың дубликатын алған кезде
алынады.
8.Дәрі-дәрмек құралдарын мемлекеттік тіркегені үшін алым Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының қолдауға
рұқсат етілген дәрі-дәрмек құралдарын мемлекеттік тіркеу ( қайта тіркеу)
кезінде,сондай-ақ мемлекеттік тіркеуді растайтын құжаттың дубликатын
берген кезде алынады.Тіркеуді дәрі-дәрмек құралдарына бақылау жасау
саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңдарында
белгіленген тәртіппен және жағдайларда жүзеге асырады.
9.Қазақстан Республикасың аумағы бойынша автокөлік құралдарының
жүргені үшін алым:
1) халықаралық қатынстарда жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды
жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының Қазақстан
Республикасының аумағынан кетуі;
2) халықаралық қатынастарда жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды
жүзеге асыратын шетел автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасы
аумағына келуі( кетуі),Қазақстан Республикасы аумағы бойынша транзиті;
3) ірі көлемді және ауыр салмақты отандық және шетелдік автокөлік
құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүруі;
4) отандық және шетелдік автокөлік құралдарының Қазақстан
Республикасының ақылы мемлекеттік автомобиль жолдары бойынша жүруі
үшін өндіріп алынады.
10.Аукциондардан алынатын алым-аукциондарда мүлікті (оның ішінде
мүліктік құқықтарды) сату кезінде алынады.
Аукциондарды өткізілуіне байланысты екі түрге бөлуге болады:
*ашық;
*жабық.
11.Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық
алым Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лицензиялануға тиісті
белгілі бір қызмет түрімен айналысуға лицензия (лицензияның дубликатын
)беру кезінде алынады.
12.Телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік
спектрін пайдалануға рұқсат бергені үшін алым-байланыс саласындағы
уәкілетті орган Қазақстан Республикасының телевизия және радио
хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат
(рұқсат дубликаты) берген кезде алынады.
Рұқсат беру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

