Page 55 - salyk
P. 55
11-тақырып.Халықаралық салық салудың тәртібі
Қарастырылатын сұрақтар:
11.1Резидент және резидент еместер, резидент еместің тұрақты мекемесі
мен Қазақстан Республикасындағы көздерден алынатынтабыстары
11.2Реидент емес жеке тұлғалардың табыстарына салық салу тәртібі
11.1Резидент және резидент еместер, резидент еместің тұрақты мекемесі
мен Қазақстан Республикасындағы көздерден алынатынтабыстары.
Резиденттер - :
-ҚРда тұрақты болатыннемесеҚРда тұрақты болмайтын, бірақ өмірлік
мүдделерінің орталығы Қазақстан Республикасында орналасқан жеке
тұлғалар;
-ҚР ның заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалар және тиімді басқару
орны ҚРда болатын өзге де заңды тұлғалар.
ҚРның резиденттері ҚРда салық кодексінің ережелеріне сәйкес ҚРдағы
және одан тысқары жерлердегі көздерден түсетін табыстарынан салықтар
төлейді.
ҚРда резидент еместер салық кодексінің ережелеріне сәйкес ҚРғы
көздерден түсетін табыстардан салық төлейді.
ҚРда кәсіпкерлік қызметті тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын
резидент еместер ҚРда Салық кодексінің ережелеріне сәйкес мұндай
тұрақты мекеменің қызметіне байланысты ҚРнан тысқары жерлердегі
көздерден түсетін табыстардан да салық төлейді. Резиденттер мен резидент
еместер ҚРда Салық кодексінде белгіленген өзге де салықтарды және
бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді осындай міндеттемелер
туындаған кезде төлейді.
Егер жеке тұлға ағымдағы салық кезеңінде аяқталатын кез-келген үздіксіз
он екі айлық кезеңде кемінде күнтізбелік 183 күн Қазақстан
Республикасында болса, ҚРда тұрақты болған жеке тұлға деп танылады. Егер
жеке тұлға ҚРда болуы аяқталатын жылдан кейінгі жылы резиденттеде
болмаса, ҚРда болуының соңғы күнінен кейінгі кезең үшін резидент емары
табыстарна 1-кееретінде қарастырылады.
11.2Реидент емес жеке тұлғалардың табыстарына салық салу тәртібі
Төлем көзінен табыс салығы есептеу, ұстау және аудару тәртібі.Резидент
емес жеке тұлғаның ҚРдағы көздерден алынатын табыс көрсетілгенасырылмай
салынады.
Ал енді резидент жеке тұлғаның табыстарынан төлем көзінен табыс салығын
есептеуді, ұстауды және аударуды салық агенті жоғарыда аталып өткен
тәртіппен және мерзімдерде жүргізеді.
Төлем көзінен табыс салығын салық агенті табысты төлеудің нысаны мен
орнынақарамастан, резидент емес жеке тұлғаға табысты төлеу кезінде
ұстайды.
Төлем көзінен табыс салығын бюджетке есептеу, ұстау және аудару

