Page 53 - salyk
P. 53
Республикалық Бюджет туралы Заңда белгіленген айлық есептік
көрсеткіштің 75 еселенген мөлшерін;
6) Букмекер кеңсесінің электронды кассасына айына тиісті қаржы жылына
арналған Республикалық Бюджет туралы Заңда белгіленген айлық есептік
көрсеткіштің 75 еселенген мөлшерін құрайды.
Белгіленген салық ставкалары Республикалық Бюджет туралы Заңда
белгіленген және салық кезеңінің бірінші күні қолданыста болған айлық
есептік көрсеткіш мөлшері негізге алына отырып айқындалады.
10.3Салық есептеу тәртібі және төлеу мерзімі
Ойын бизнесіне салынатын салық әрбір салық объектісіне салық ставкасын
қолдану арқылы есептеледі. Салық салынатын объект әр айдың 15 не дейін
қолдануға берілсе, ойын бизнесіне салық бекітілген ставка бойынша, ал 15
нен кейін бекітілген ставкадан 0,5 мөлшерінде саналады. Салық объектісі әр
айдың 15 не дейін есептен шыққан жағдайда, салық белгіленген ставкадан 0,5
мөлшерде, 15 нен кейін белгіленген ставка мөлшерінде есептеледі.
Салық төлеуші нысандардың тіркелген орны бойынша есепті салық
кезеңінен кейінгі екінші айдың 25 нен кешіктірмей ойын бизнесінің салығын
төлеу керек. Ойын бизнесі бойынша салық кезеңі – күнтізбелік тоқсан.
Ставканың шектелген мөлшерінен асқан кіріске қосымша төлем есептеледі.
Және оны күнтізбелік тоқсаннан кейінгі екінщі айдың 25 нен, яғни 25
мамырдан, 25 тамыздан, 25 ақпаннан кешітірмей төлеу керек.
Салық төлеуші ойын бизнесі саласы оның бірнеше түрінен салық төлейтін
болса, әр түрінен түсетін кірістің әрқайсысына дербес қосымша төлем
есептеледі. Ойын бизнесі бойынша салық төлеушілер осы салаға қатысы жоқ,
басқа кәсіпкерлікпен айналысса, жалпыға ортақ тәртіп бойынша бюджетпен
есептесуге міндетті.Әр квартал сайын 15 нен кешіктірмей ойын бизнесі
салығы бойынша декларация өткізілуі керек.
Бақылау сұрақтары:
1.Ойын бизнесі салығының төлеушісі кім?
2.Ойын бизнесі салығы салынатын объекті.
3.Ойын бизнесі салығының ставкасы.
4.Салық төлеу тәртібі.
Тест сұрақтары:
1.Тарату-заңды тұлғаның және жеке кәсіпкердің қызметінің тоқтатылуы негізінде
салықтар бойынша аудиторлық қорытынды сақталған кезде жол беріледі келесі
шарттары:
a) қосылған құн салығын төлеуші;
b) жалпы жиынтық жылдық табыс түзетулерді ескере отырып, талап қою мерзімі кезеңі
ішінде Салық кодексіне сәйкес шамамен 150 000 АЕК;
c) жылдық жиынтық табысы алдыңғы жылға асатын 100 000 АЕК;
d) жиынтық жылдық табысы үш жыл бойы аспайды 120 000 АЕК.
2.Қандай жағдайда салықтық тексерулерсіз және камералды бақылаусыз өтініш
негізінде жеке кәсіпкерді есептен алынуға жол берілмейді ?:
a) қосылған құн салығын төлеуші ретінде есепте тіркеуде тұрмаса;
b) бірлескен кәсіпкерлік нысанында қызметін жүзеге асырмаса;

