Page 56 - salyk
P. 56

жөніндегі міндет пен жауапкершілік резидент емеске табысты төлейтін және
                  салық агенттері деп табылған мынадай тұлғаларға:
                  1)     Дара кәсіпкерге;
                  2)     Егер  филиал,  өкілдік  қосарланған  салық  салуды  болғызбау  туралы
                  халықаралық  шартқа  немесе  тұрақты  мекеме  құрмаса,  Қазақстан
                  Республикасындағы  қызметін  филиал,  өкілдік  арқылы  жүзеге  асыратын
                  резидент емес заңды тұлғаға;
                  3)     Заңды  тұлғаға,  оның  ішінде  Қазақстан  Республикасындағы  қызметін
                  тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емеске жүктеледі.
                         Бұл ретте  резидент емес заңды тұлға Қазақстан Республикасының салық
                  органдарында  тіркеу  есебіне  қойылған  күннен  бастап  салық  агенті  болып
                  табылады;
                  4)     Заңды       тұлғаға,      оның       ішінде       қызметі      тұрақты        мекеме
                  құрмайтынрезидент  емес  оған  шетелдік  персоналды  берген,  Қазақстан
                  Республикасында  қызметін  тұрақты  мекеме  арқылы  жүзеге  асыратын
                  резидент емеске;
                  5)     Депозитарлық  қолхаттардың  базалық  активінің  резидент  эмитентіне
                  жүктеледі.
                  Мынадай абыстарға салық салынбайды:
                  1)Банктік депозиттер бойынша сыйақылар;
                  2)сыртқы  сауда  қызметі  шеңберінде  Қазақстан  Республикасының  аумағына
                  тауарларды жеткізуге байланысты төлемдер;
                  3)резиденттер сатып алушылар төлеген , борыштық бағалы қағаздарды сатып
                  алу кезінде жинақталған сыйақылар сомасы;
                  4)бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келсе:

                      -акцияларды немесе қатысу үлестерін үш жылдан астам иелену;
                      -дивиденттер  төлейтін  заңды  тұлғаның  немесе  консорциумының
                      жарғылық  капиталы  немесе  акциялары  құнының  50  және  одан  да  көп
                      пайызы  дивиденттерді  төлеу  күні  ҚР-да  жер  қойнауын  пайдаланушы

                      болып табылмайтын тұлғаның мүлкін құрау талаптары орындалған кездегі
                      дивиденттер.
   51   52   53   54   55   56   57   58   59   60   61