Page 45 - salyk
P. 45

тұрмаган  көлік  құралын  сатып  алган  кезде  салық  сомасы  келік  құралына
                  меншік  құқығы,  шаруашылық  жүргізу  құқығы  немесе  оралымды  басқару
                  құқығы  туындаған  айдың  бірінші  күнінен  бастап  салық  кезеңінің  соңына
                  дейінгі кезең үшін есептеледі. Егер меншік құқығында, шаруашылық жүргізу
                  құқығында  немесе  оралымды  баскару  құқығында  1  шілдеге  дейін  болған
                  көлік  құралдары  бойынша  салық  заңнамасында  өзгеше  белгіленбесе,
                  заңитұлғалар  бюджетке  салық  төлеуді  сапық  салу  объектілерінің  тіркелген
                  жері  бойынша,  ағымдағы  төлемдерді  енгізу  арқылы  салық  кезеңінің  5
                  шілдесінен         кешіктірмей          жургізеді.        Алу        мезетінде Қазақстан
                  Республикасындаесепте            тұрған     көлік     құралына        меншік      құқығын,
                  шаруашылық  жүргізу  құқығын  немесе  оралымды  басқару  құқығын  салық
                  кезенінің 1 шілдесінен кейін алған жағдайда, заңи тұлғалар салық кезеңі үшін
                  мағлұмдаманы табыс ету мерзімі басталғаннан кейінгі күнтізбелік он күнінен
                  кешіктірілмейтін        мерзімде      көрсетілген       көлік     құралдары       бойынша
                  салықтөлеуді  жүргізеді.  Жеке  тұлғалар  меншік  құқығында  1  қазанға  дейін
                  болған  көлік  құралдары  бойынша  бюджетке  салық  төлеуді  салық  салу
                  объектілерінің  тіркелген  жері  бойынша  салық  кезеңінің  1  қазанынан
                  кешіктірмей жүргізеді.
                  Көлік  құралдары салығын  есептеу  мен  төлеуге  арналған  салық  кезеңі
                  күнтізбелік  жыл  болып  табылады.  Салықтық  кодексте  көрсетілген  көлік
                  құралына  меншік  құқығын,  шаруа-  шылық  жүргізу  құқығын  немесе
                  оралымды  басқару  құқығын  салық  кезеңінің  1  казанынан  кейін  алған
                  жағдайда, бюджетке салық  төлеу  көлік  құралын  мемлекеттік  тіркеуге  дейін
                  немесе  тіркеу  мезетінде  жүргізіледі.  Жеке  тұлғалар  үшін  бюджетке
                  салықтөлеу мерзімі салық кезеңнің 31 желтоксанынан кешіктірілмейтін күн

                  болып  табылады.  Салықты  төлеу  салық  салу  объектінің  тіркелген  орны
                  бойынша  жүргізіледі.  Көлік  құралдарын  тіркеуден,  қайта  тіркеуден  немесе
                  мемлекеттік  техникалық  бақылаудан  өткізген  жағдайда,  жеке  тұлғалар
                  көрсетілген  әрекеттерді  жасағанға  дейін Салықтық  кодексте белгіленген
                  тәртіппен  салықты  есептейді  және  бюджетке  төлеуді  жүргізеді.  Көлік
                  құралдарының  меншік  иесі  атынан  меншікті  сенімгерлікпен  баскару
                  құқығымен  көлік  құралын  иеленуші  тұлғаның  көлік  құралдарына  салық
                  төлеуі  көлік  күралы  меншік  иесінің  осы  салық  кезеңі  үшін  салықтық
                  міндеттемені орындауы болып табылады. Салық төлеуші-заңи тұлғалар көлік
                  құралдары салығы бойынша ағымдағы телемдердің есеп-қисабын ағымдағы
                  салық  кезеңінің  5  шілдесінен  кешіктірмей, мағлұмдаманы есепті  жылдан
                  кейінгі  жылдың  31  наурызынан  кешіктірмей  салық  салу  объектілерінің
                  тіркелген  орны  бойынша  салық  органдарына  табыс  етеді. Мемлекеттік
                  бюджет түсімдерінде көлік құралдары салығының үлесі 0,35%ды құрайды.

                  Бақылау сұрақтары:
                  1.Мүлік салығын төлеушілер болып кімдер есептеледі?
                  2.Мүлік салығы бойычнша жеңілдіктер.
                  3.Мүлік салығы бойынша декларацияны ұсыну мерзімі.
                  4.Азамат мүлік алығын қай уақытта төлеуі керек?
                  5.Егер меншік құқығына екі жеке тұлға құқылы болса, салық қалай төленеді?
   40   41   42   43   44   45   46   47   48   49   50