Page 43 - salyk
P. 43
бойынша, ал оңайлатылған мағлұмдама негізінде арнаулы
салық режімін қолданатын дара кәсіпкерлер мен заңи тұлғалар 0,5 пайыз
мөлшерлемесі бойынша есептейді. Коммерциялық емес ұйымдар, әлеуметтік
салада қызметін жүзеге асыратын ұйымдар, негізгі қызмет түрі кітапханалық
қызмет көрсету саласындағы жұмыстарды орындау (қызмет көрсету) болып
табылатын ұйымдар, ғылыми кадрларды мемлекеттік аттестаттау
саласындағы: функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындар,
мемлекеттік меншіктегі және бюджеттікқаражаттар есебінен
қаржыландырылатын су қоймаларының, су тораптарының және табиғат
қорғау мақсатындағы баска да су шаруашылығы құрылыстарынын
объектілері бойынша заңи тұлгалар, ауыл шаруашылығы тауарларын
өндіруші заңи тұлғалардың және шаруа немесе фермер қожалықтарының
жерін суландыру үшін пайдаланылатын гидромелиоративтікқұрылыс
объектілері бойынша заңи тұлғалар, ауыз сумен қамту объектілерін
пайдаланатын заңи тұлғалар салық базасының 0,1 пайыз мөлшерлемесі
бойынша мүлік салығын есептейді. Бұл заңи тұлғалар пайдалануға немесе
жалға берілген салық салу объектілері бойынша олардың мүлік салығын
есептейді және төлейді. Салық төлеушілер салықты есептеуді салық базасына
тиісті салық мөлшерлемелерін қолдану арқылы дербес жүргізеді.
Салықтың ағымдағы төлемдерінің сомасын, патент негізінде арнаулы
салық режімін қолданылатын дара кәсіпкерлердіқоспағанда,салық төлеуші
салық кезеңіндегі 25 ақпаннан,25 мамырдан,25 тамыздан және 25 қарашадан
кешіктірмей тең үлестермен енгізеді. Салық төлеуші салық кезеңі
ішінде мағлұмдаманы табыс ету мерзімі бағаланғаннан кейін күнтізбелік он
күннен кешіктірмей түпкілікті есеп айырысуды жүргізеді және мүлік
салығын төлейді. Мүлікке салынатын салықты төлеудің көзі табыстың
мүлікті пайдаланудың нәтижесі болып табылатындығына немесе өзге де
әдістермен алынатындығына қарамастан олардың табысы болып есептеледі.
Меншік құқығында салық салу объекті бар жеке тұлғалар жеке тұлғалардың
мүлік салығын төлеушілер болып табылады.Егер салық салу объекті бірнеше
тұлғаның ортак үлестік меншігінде болса, осы тұлғалардың эрқайсысы салық
төлеуші деп танылады.
Бірлескен ортак меншіктегі салық салу объектілері бойынша өздерінің
арасындағы келісіммен осы салық салу объекті меншік иелерінің бірі салық
төлеуші болып табылады. Жеке түшғаларға меншік құқығымен тиесілі
Қазақстаи Республикасы аумағындағы тұрғын үй-жайлар, саяжай
құрылыстары, гараждар және өзге құрылыстар, ғимараттар, үй-жайлар және
аяқталмаған құрылыс объектілері коныстану (пайдалану) кезінен бастап
оларға мүлік салығынсалу объектіболып табьшайы.Әрбір жылдың 1
каңтарындағы жағдай бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды және
олармен жасалатын мәмілелерді тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік
орган белгілейтін,тиісті тәртіппен айқындалған салық салу объектерінің құны
жеке тұлғалар үшін тұрғын үй-жайлар,саяжай құрылыстары неме аяқталған
құрылыс объектілері бойынша салық базасы болып табылады.
Жеке тұлғалардың мүлік салығы салық салу объектілерінің құнына қарай (1

