Page 38 - salyk
P. 38

пайызынан        аспайтындай        етіп    түзетуге,     яғни     төмендетуге       немесе
                  жоғарылатуға құқығы бар. Бұл ретте жекелеген салық төлеушілер үшін жер
                  салығының  мөлшерлемелерін  жеке-дара  төмендетуге  немесе  жоғырылатуга
                  тыйым  салынады.  Қызметтің  игіліктік  және  әлеуметтік  сипатындағы
                  төлеушілері  санаттарының  бірқатары  салықты  есептеген  кезде  базалық
                  мөлшерлемелерге  0,1  коэффици-  ентті  қолданады.  Сонымен  бірге  жер
                  салығын  төлеушілер  жер  учаскесін  немесе  оның  бір  бөлігін  жалға  өзге
                  негіздерде  пайдалануға  беру  немесе  коммерциялық  максаттарда  пайдалану
                  негізінде  салықты  0,1  коэфицентті  қолданбай  есептейді.  Коммерциялық
                  максаттарда  (автотұрақтар,  автомобильдерге  май  құю  станциялары,
                  рыноктар,казино)  пайданылатын  жерлерге  (  тұрғын  үй  қорын  қоспағанда)
                  елді  мекендер  жерлеріне  белгіленген  базалық  мөлшерлемелер  бойынша  он
                  есе  ұлғайтылған  салық  салуға  жатады.  Салық  кезеңінде  мүгедектер  саны
                  жұмыскерлердің  жалпы  санының  кемінде  51  пайызын  құрайтын  және
                  мүгедектердің  еңбегіне  ақы  төлеу  жөніндегі  шығыстар  еңбекке  ақы  төлеу
                  бойынша  жалплы  шығыстардың  кемінде  51  пайызын  құрайты  н  әлеуметтік
                  салада  қызметін  жүзеге  асыратын  ұйымдар  салықты  есептеу  кезінде  тиісті
                  мөлшерлемелерге  0  коэффициентін  қолданады.  Арнаулы  экономикалық
                  аймақтар  аумағында  орналаскан  және  салық  заңнамасында  көрсетілген
                  қызмет  түрлерін  жүзеге  асыру  кезінде  пайдаланылатын  салық  салу
                  объектілері бойынша жер салығын есептеу кезінде тиісті мөлшерлемелерге 0
                  коэффициенті  қолданылады.  Салықты  есептеу  әрбір  жер  учаскесі  бойынша
                  жеке  салық  ба-засына  тиісті  салық  мөлшерлемесін  қолдану  арқылы
                  жүргізіледі. Заңи тұлғалар жер салығының сомаларын салық базасына тиісті
                  салық мөлшерлемелерін қолдану арқылы дербес есептейді. Қорғаныс қажеті

                  үшін берілген жерлерге салынатын салықты алу тәртібін Үкімет белгілейді.
                  Бюджетке  жер  салығын  төлеу  жер  учаскесінің  орналаскан  жері  бойынша
                  жүргізіледі.  Жеке  тұлғалар  (өз  қызметінде  пайдаланылатын  жер  учаскелері
                  бойынша                                                                                 дара
                  кәсіпкерлерді,жекеше нотариустарды, адвокаттарды қоспағанда)                        төлеуге
                  жататын  жер  салығын  есептеуді  салық  органдары  тиісті  салық
                  мөлшерлемелері  мен  салық  базасын  негізге  ала  отырып  1  тамыздан
                  кешіктірмей  жүргізеді  және бюджетке жер  салығын  ағымдағы  жылдың  1
                  қазанынан  кешіктірмей  төлейді.  Заңи  тұлғалардың  ағымдағы  төлемдерінің
                  сомасы ағымдағы жылда төрт рет тең үлестермен төленуге жатады.
                  Жер салығы – жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті орган әр жылдың
                  1 қаңтарындағы жағдай бойынша берген жерлердің мемлекеттік сандық және
                  сапалық  есебінің  деректері  негізінде  меншік  құқығын,  тұрақты  жер
                  пайдалану       құқығын,       өтеусіз      уақытша       жер      пайдалану       құқығын
                  куаландыратын құжаттарға сәйкес есептеледі.
                        Елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі жер учаскелерін  қоспағанда)
                  салынатын  базалық  салық  ставкалары  алаңның  бір  шаршы  метріне  қарай
                  есептеледі, мұны біз 2-кестеден көре аламыз:
                  Елді мекендердің жерлеріне  (үй  іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда)
   33   34   35   36   37   38   39   40   41   42   43