Page 36 - salyk
P. 36
каңтарындағы жағдай бойынша берген жерлердің мемлекеттік сандық және
сапалық есебінің деректері негізіндеесептеледі.
Барлық жерлер салық салу мақсатында олардың арналған нысанасы мен
тиесілілігіне қарай мынадай санаттарға бөлінеді:
1) ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлер;
2) елді мекендер жерлері;
3) өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауылшаруашылығы
емес мақсаттағы жерлер (өнеркәсіп жерлері);
4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлері, сауықтыру, рекреациялық
және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлер (ерекше қорғалатын табиғи аумақтар
жерлері);
5) орман қорының жерлері;
6) су қорының жерлері;
7) босалқы жерлер.
Жер салығын төлеушілер:
1) Жеке меншік құқығындағы салық салу объектілері бар жеке және заңды
тұлғалар;
2) Тұрақты жер пайдалану құқығындағы салық салу объектілері бар жеке және
заңды тұлғалар;
3) Бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығындағы салық салу
объектілері бар жеке және заңды тұлғалар;
4) Заңды тұлғалардың жоғарыда белгіленген құқықтарда салық салынатын
объектілері бар құрылымдық бөлімшелері.
Жер салығын төлеу барлық жер иелері, жер пайдаланушылар, соның ішінде
жалгерлер мен жер иелері үшін міндетті болып саналады.
7.3Жер салығының салық салу объектісі
Жекеменшік құқығындағы, тұракты жер пайдалану құқығындағы және
бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығындағы салық салу
объектілері бар заңи және жеке тұлғалар жер салығын төлеушілер, жер
учаскесі (жер учаскес- іне ортак үлестік меншік кезінде жер үлесі) салық салу
объекті болып табылады. Мыналар: біркатар мемлекеттік мекемелер мен
кәсіпорындар; шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық
режімі қолданылатын қызметте пайдала- нылатын жер учаскелері бойынша
бірыңғай жер салығын төлеушілер; Ұлы Отан соғысына катысушылар мен
соларға теңестірілген адамдар; көп балалы аналар (тұрғын үй қоры алып
жатқан учаскелері бойынша), бөлек тұратын зейнеткерлер, діни бірлестіктер
және басқалары жер салығын төлеуден босатылады. Елді мекендердің ортақ
пайдалануындағы жер учаскелері мен ортак пайдаланудағы мемлекеттік
автомобиль жолдарының желісі алып жатқан жер учаскелері салық салу
объекті болып табылмайды. Ерекше қорғалатын орман, су қорларының
жерлері, косалқы жерлер салық салуға жатпайды. Жер салығын айқындау
үшін жер учаскесінің алаңы салық базасы болып табылады.
Жер салығының салық салу объектісі – жер учаскесі. Жекелеген
жағдайларда салық салу объектісін айқындау

