Page 31 - salyk
P. 31
жасау қажет. Қазақстанда “Көлік ғылыми-зерттеу институты” ЖАҚ-ы бар.
Оның қызметіне жоғарыда көрсетілген мәселелерді реттеу кіреді. Осыған
байланысты барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер осы ұйымнан салық
төлеу мақсатында үнемі көлік құралдарының қандай да бір нысандары
туралы ақпаратты алып отыруға міндетті. Көлік құралдары салығын
есептеуге қатысты мәліметтердің барлығы көрініс табатын маңызды
құжаттардың бірі декларация болып табылады. Заңды тұлғалар ағымдағы
төлемдер сомасын төлеудi ағымдағы төлемдердi енгiзу арқылы салық салу
нысандарының тiркелген жерi бойынша салық кезеңiнiң 5 шiлдесiнен
кешiктiрмей жүргiзедi. Салық төлеуші заңды тұлғалар (ауыл шаруашылық
өнімдерін өндірушілері үшін арнаулы салық режимінде бюджетпен есеп
айырысуды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды қоспағанда) көлік құралдары
салығы бойынша декларацияны есепті жылдан кейінгі жылдың 31
наурызынан кешіктірмей салық органдарына табыс етеді. Сондай-ақ, «Жол
қозғалысы қауіпсіздігі туралы» ҚР Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес, 18
баптың 3 тармағында жеке тұлғалардың көлік құралдарын тіркеу және қайта
тіркеу ағымдағы жылы аталмыш көлік құралдарына салықтың төленгендігін
растайтын құжаттарды ұсынғаннан кейін ғана жүзеге асырылатындығы
жазылған. Сонымен қатар, аталмыш Заңның 19 бабы, 3 тармағына сәйкес,
көлік құралдарын техникалық байқаудан өткізуге қатысты өзгерістер
енгізіліп отыр. Мәселен, механикалық көлік құралдары мен оның
тіркемелеріне мемлекеттік байқау техникалық байқаудан өту туралы куәлікті
алуға төленген міндетті мемлекеттік салықтың, сондай-ақ ағымдағы жылға
көлік салығының төленгендігін растайтын құжаттарды ұсынғаннан кейін
ғана жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуге
жататын және есепте тұрған көлік құралдары салық салу нысаны болып
табылады.
6.2Салық базасы және көлік құралына салық ставкасы
Көлік салығын есептеу айлық есептік көрсеткіштермен мынадай ставкалар
бойынша жүргізіледі.
Көлік салығын есептеу ставкалары
N Салық салу нысаны
Салық ставкасы, АЕК
1. Двигателінің көлемi мынадай жеңiл автомобильдер (текше см.): 1100-ге
дейiн қоса алғанда 1 1100-ден жоғары, 1500-ді қоса алғанда 2 1500-ден
жоғары, 2000-ды қоса алғанда 3 2000-нан жоғары, 2500-ді қоса алғанда 5
2500-ден жоғары, 3000-ды қоса алғанда 8 3000-нан жоғары, 4000-ды қоса
алғанда 15 4000-нан жоғары 117
2. Жүк көтергiштiгі мынадай жүк таситын арнаулы автомобильдер 1
тоннаға дейiн қоса алғанда 3 1 тоннадан жоғары, 1,5 тоннаны қоса алғанда 5
1,5 тоннадан жоғары, 5 тоннаны қоса алғанда 7 5 тоннадан жоғары 9
3. Шынжыр табанды машиналар мен механизмдердi қоспағанда, өздiгiнен
жүретiн машиналар мен пневматикалық жүрiстегi механизмдер 3
4. Автобустар: отыратын 12 орынға дейiн қоса алғанда 9 отыратын 12-

