Page 30 - salyk
P. 30

6-тақырып. Көлік құралдарына салынатын салық

                  Қарастырылатын сұрақтар:
                  6.1Салық төлеушілер. Салық объектісі
                  6.2Салық базасы және көлік құралына салық ставкасы
                  6.3Көлік құралы салығын есептеу және төлеу тәртібі

                  6.1Салық төлеушілер. Салық объектісі
                       Көлік  құралдарына  салынатын  салық  –  мемлекет  пен  көлік  құрал  дары
                  иелерінің  арасындағы  экономикалық  қатынасты  реттейтін  салық.  Көлік
                  құралдарының иелері көлік құралдарын иемдену барысында республиканың
                  автокөлік      жолдарын        пайдаланады.        Ал     осы     автокөлік      жолдарын
                  қаржыландыру  мемлекеттік  бюджеттен  жүзеге  асырылады.  Сондықтан  да
                  көлік  салығының  экономикалық  мәні  зор.  Көлік  құралдарына  салынатын
                  салықтың  төлеушілері  меншік  құқығында,  шаруашылық  жүргізу  немесе
                  оралымды  басқару  құқығында  салық  салу  нысандары  бар  заңды  және  жеке
                  тұлғалар  және  олардың  құрылымдық  бөлімшелері  болып  табылады.  Салық
                  салу нысандары: Қазақстан Республикасында мемле кеттік тіркеуге жататын
                  және  (немесе)  есепте  тұрған  (тіркемелерді  қоспағанда)  көлік  құралдары
                  салық салу нысандары болып табылады. Ал, жүк көтергіштігі 40 тонна және
                  одан  асатын  карьерлік  автосамосвалдар,  мамандандырылған  медициналық
                  көлік  құралдары  салық  салу  нысандары  болып  табылмайды.  Бұл  салық
                  түрінің өзіндік төлеу мен есептеу тәртібі бар, салық төлеуші салық сомасын
                  салық  заңдылықтарына  сүйеніп,  әрбір  көлік  құралы  бойынша  салық
                  ставкасын  негізге  ала  отырып,  салық  кезеңі  үшін  салық  сомасын  жеке
                  есептейді.  Сонымен  бірге  салық  бюджетке  нысанының  тіркелген  жеріне
                  байланысты төленуі керек. Ерекше атап өтетін бір жәйт, заңды тұлғалардың
                  көлік салығын өздігінен есептеуі бірқатар себептермен көптеген қателердің
                  пайда болуына және салықтың бюджетке толық түспеуіне алып келуі мүмкін.
                  Оған дәлел ретінде келесілерді атап айтуға болады:
                     -  кәсіпорынның  балансындағы  көлік  құралдарын  жол  полициясы
                  басқармасының мемлекеттік есебіне өткізбеу;
                     - жол полициясы органдарының мемлекеттік есебінде тіркелмеген көліктік
                  техниканы кәсіпорын аумағында жұмыс істеу үшін пайдалану;
                     -  жеңіл  автомобильдері  көлік  құралдарының  техникалық  паспорттарында
                  двигательдердің көлемі  туралы мәлімет текше сантиметрмен берілмеуі, бұл

                  техникалық құралдардың қуаттылығын дұрыс анықтауды қиындатады;
                      -  көлік  құралдарын  толық  тозуы  салдарынан  кәсіпорынның  балансынан
                  шығарып  тастау,  бірақ  жол  полициясы  басқармасына  мұндай  мәліметтерді
                  бермеу салықты төлеу қажеттілігін туындатады;
                     -  бухгалтердің  көліктер  түрлерінің  ерекшеліктерін  білмеуі  және  механик
                  немесе жүргізушінің берген ақпараттарына сүйенуі;
                     -       көлік        құралдарының             техникалық           сипаттамаларының
                  анықтамалықтарының болмауы т.б.
                     Көлік  құралдарына  салықты  есептеу  үшін  көрсеткіштер  бойынша  іріктеу
   25   26   27   28   29   30   31   32   33   34   35