Page 35 - salyk
P. 35
7-тақырып. Жер салығы
Қарастырылатын сұрақтар:
7.1 Жер салығының экономикалық мазмұны
7.2 Жер категориялары. Жер салығын төлеушілер
7.3 Жер салығының салық салу объектісі
7.4 Жер салығының ставкасы
7.1Жер салығының экономикалық мазмұны
Жер – белгілі бір өлшемдегі пайдалану мүмкіндігі орасан зор табиғи байлық.
Адамзат жерді пайдалану арқылы өзінің қажеттіліктерін қанағаттандырып
келеді. Қазақстан Республикасының кең байтақ жері бар.Жер салығы 1992
жылы енгізілді.Жер салығын енгізу мынадай мақсаттарды көздейді:
- Экономикалық әдістермен жерді ұтымды пайдалану;
- Тұлғаларды жерге орналастыру;
- Жердің құнарлығын арттыру;
- Жерді қорғау жөніндегі шараларды енгізу үшін төлемдер төлеу;
- Аумақтың әлеуметтік-мәдени дамуы үшін бюджет кірістерін қалыптастыру.
7.2Жер категориялары. Жер салығын төлеушілер
Жер салығын төлеу барлық жер иелері, жер пайдаланушылар, соның ішінде
жалгерлер мен жер иелері үшін (бірқатар жағдайларды қоспағанда) міндетті
болады. Алайда мемлеттік бюджетте бұл салық төлемдерінің үлесі көп емес -
,0,3%-ға жуық. Салық салу максаттарында барлық жерлер олардың нысаналы
арналымы мен тиістілігіне қарай мынадай санаттарға бөлінеді: ауыл
шаруашылығы максатындағы жерлер; елді мекендер жерлері; өнеркәсіп,
көлік, байланыс, қорғаныс және өзге ауыл шаруашылығы емес мақсаттағы
жерлер; ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлері, сауықтыру,
рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлер; орман қорының және
су қорының жерлері; босалқы корлар жерлері. Жердің кандай да болсын
санатқа тиесілігі Қазақстан Республикасының жер заңнамасында
белгіленеді.Елді мекендер жерлері салық салу мақсаты үшін мынадай екі
топқа бөлінген: тұрғын үй қоры, соның ішінде олардың жанындағы
құрылыстар мен ғимараттар орналаскан жерлерді қоспағанда, елді мекендер
жерлері; тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен
ғимараттар орналасқан жерлер. Ерекше қорғалатын табиғи
аумақтардың,орман және су қорларының жерлері,сондай-ақ босалқы жерлер
салық салуға жатпайды. Аталған жерлер (босалқы жерлерді қоспағанда)
тұрақты жер пайдалануға немесе бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалануға
берілген жағдайда,олар салық заңнамасында белгіленген тәртіппен салық
салуға жатады. Жер салығының мөлшері жер иеленушілер мен жер
пайдаланушылардың шаруашылық қызметінің нәтижелеріне байланысты
болмайды. Жер салығы меншік құқығын, тұрақты жер пайдалану құқығын,
өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығын куәландыратын құжаттар және жер
ресурстарын баскару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган әр жылдың 1

