Page 28 - salyk
P. 28

заңының  (салықтық  бақылау)  нормаларының  бұзылуы  кезінде  әсер  ету
                  шараларының  санкцияларын  анықтайтын,  мемлекеттің  заң  актілерінің
                  барлық арсеналдарының айрықша құқықтық нормаларымен регламенттелетін
                  өзара әрекет ететін үш қаржылық- бюджеттік саланың кешені.
                  1.Салықтық механизм – салықтық құқық қатынастары (салықтық жоспарлау)
                  субъектілерінің    жоспарлы,  нақты  орындалған  ,  болжамдық  салық
                  міндеттерін бағалауын, белгіленуін, мемлекет бюджетін орындау барысында
                  ағымдағы араласудың  ғылыми негізделген шаралар қабылдануын (салықтық
                  реттеу)  және  салық  заңының  (салықтық  бақылау)  нормалары  бұзылуы
                  кезінде  әсер  ету  шараларының  санкциясын  анықтайтын  ,  заң  актілерінің
                  барлық  арсеналдары    айрықша  құқықтық  нормаларымен  регламенттелетін,
                  өзара әрекет ететін үш қаржылық бюджеттік саланың кешені.
                  2.Салықты жоспарлаудың кезеңдері:
                  - активтерді және табысты ұтымды орналастыру мәселелері;
                  - қаржыларды инвестициялау мен жинау мәселелері.
                      Салықты жоспарлау – салық міндеттемелерін заңды қысқкрту әдістері.
                      Салық  теориясы  –  салықтың  маңызы  мен  қызметі  туралы  ғылыми  білім
                  және ұғымдардың жүйесі, мемлекеттік қаржы қызметіндегі  олардың ролі.
                      Салық несиесі – салықты төлеу мерзімінің өзгеруін  өрнектейтін жеңілдік.
                      Салық  режимі  –  Салық  кодексінде  белгіленген  салықты  және  бюджетке
                  төленетін  басқа  да  міндетті  төлемдерді  төлеу  жөніндегі  барлық  салық
                  міндеттемелерін  есептеу  кезінде    баррық    салық  төлеуші  қолданатын
                  Қазақстан Республикасының салық заңнамасы нормаларының жиынтығы.
              1.  2009 жылдың 1 қаңтарында салықтық саясаттың  жаңа бағыттары көрсетілген
                  Салықтық кодекс  күшіне енді. 2008 жылдың 10 желтоқсанындағы  №100-ІV

                  Салық кодексінің келесідей бағыттары бар:
              -  Айқын  және оларды шешуге арналған салықтық құралдар;
              -  Экономикмалық  шикізаттық  емес  секторына  салықтық  ауыртпалықты
                  төмендету;
              -  Әкімшілік кедергілердің төмендеуі;
              -  Салықтық әкімшілік тиімділігінің артуы.
                  Жаңа  Салық  кодексін  дайындаудың  қысқа  мерзіміне  қарамастан  ,
                  Қазақстанның         салық       жүйесін       әлемдік       тәжірибеге       айтарлықтай
                  жақындастырады.  Ол  салық  ауыртпалығын  төмендету  мақсатымен  уш  жыл
                  ішінде корпоративтік табыс салыіы ставкасының азаюын қарастырады: 2009
                  жылдың  1  қаңтарынан  –  20%-ға  дейін,  2010  жылдан  17,5%-ға  дейін,  2011
                  жылға  дейін  -  15%-ға  дейін.  Осы  Салық  кодексі  бойынша  Қосылған  құн
                  салығының  ставкасы  12  %-ға  өзгерді.  Бүкіл  әлем  бойынша  бұл  ставка  ең
                  төмен  болып  есептеледі.  Роялтидің  орнына    пайдалы  қазбаларды  өндіру
                  салығы  енгізілді.  Жаңа  Салық  кодексінде  алкоголь  өнімдеріне    акциз
                  ставкаларының теңдестірілуі 2014 жылы, темекі бұйымдары үшін 2011 жылы
                  орындалатыны көрсетілген.
                  Жаңа Салық кодексі экономиканың әртараптандырылуы мен тұрақты дамуы
                  үшін  жағдай  жасап,  оның  көлеңкелі  мәселелерін  қысқартуды  қамтамасыз
                  етеді.Салық  кодексін  тікелей  әрекеттегі  заң  принциптеріне  сәйкес  келтіру,
   23   24   25   26   27   28   29   30   31   32   33