Page 10 - Оку сауаттылығы 9 сынып
P. 10

техниканың  дамуы  барысында  адамдарды  қиын  жерлердегі  (су
               астындағы,  ғарыштағы)  қызметтерден  босатады.  Робот  бір

               сарынды  ауыр,  жоғары  радиациялы,  жоғары  немесе  төмен
               температура жағдайларындағы және адам қатынауы қиын жерлер
               де жүре алады. Олар үнемі дамып келеді.

                     Мұндай құрылғылар мен механизмдер өнеркәсіптік роботтар
                деп аталады. Өнеркәсіптік роботтар -  өндіріс процесінде адамның
                қозғалу және басқару сияқты іс-әрекеттерін және технологиялық

               құралдардың  қызметтерін   орындайтын   автоматтық    машина.
                Әлеуметтік роботтар адамдармен байланыс орнататып, сөйлеседі.
                     Қазіргі кезде роботтардың көптеген түрлері бар. Олар әртүрлі
               орталарда  әртүрлі  жолмен  қолданылады.  Қолдану  мақсаты  мен

               сыртқы  келбеті   әртүрлі   болғанымен,  құрылымына   келгенде
                баршасында 3 бірдей жерлері бар.  Бірінші, әр робот механикалық
               құрылғы,   рамадан  тұрады.   Сол   раманың   түрі  қолданылатын

               мақсатына   қарай   өзгереді.   Роботтың    формасы  атқаратын
               функциясымен   тікелей  байланысты.  Екінші,   әр  робот  электр
               бөлшектерден     тұрады.   Осы   бөлшектер    робот  жүйелерін
                толығымен бақылайды. Үшінші, барлық роботтар кішкене болса

               да  компьютер  кодын  керек  етеді.  Сол  алгоритмде  робот  қалай
                қызмет ету керектігі көрсетіледі. Бағдарламаның ішіне код жазған
                адам робот шешімін қалай және қашан қабылдап, әрекет ететінін

                жазады.  Негізгі  үш  түрлі  алгоритмдер  бар:  қашықтан  басқару,
               жасанды интеллект және гибрид.
                Ғылыми  фантастика  жазушысы-  Айзек  Азимов  әлеуметтік

               роботтарға  арналған,  құрамына  төмендегідей  шарттар  кіретін
               нақты заңдарды ұсынды.
                  1.  Робот адамға зиян келтірмеуі керек және адамға зақымның

                  келуіне жол бермеуі керек.
                  2.  Робот  адамның  бірінші  заңға  қайшы  келмейтін  барлық
                  бұйрықтарына бағынуы тиіс.
                  3.  Робот  бірінші  және  екінші  заңдарға  қайшы  болмайтындай

                  етіп өзін қорғауға міндетті. Міне, қазіргі дамыған роботтарды да
                  осы заңдарға сүйеніп жасайды. (300 сөз)


               1- тапсырма.  Мәтіннен  мына  сөздердің  сәйкес  мағыналарын
               табыңыз.
               Жұмыстары-



                                                           12
   5   6   7   8   9   10   11   12   13   14   15