Page 5 - Оку сауаттылығы 9 сынып
P. 5
болмасын, өзінің бір артықшылығымен адамзаттың көзіне түскен
деуге болады. Мәселен, киіктің немесе бұғының мүйізі қымбат
бағаланғандықтан, оны әдетте, броконьерлер шетелге өткізуге
әуес. Сондықтан мүйізі үшін атып өлтіріп, мүйізін кесіп алып, ал
денесін далаға тастап кете баратындар жетерлік.
Неге халықаралық деңгейдегі қорғалып жатқан аң-құс, өсімдіктер
біреулердің жеке мақсаты үшін жойылуы керек?! Сондықтан тез
арада табиғатты қорғауға қатысты, жазасы күшейтілген, әсіресе,
«Қызыл кітапқа» енген аң-құсты жойғаны үшін залалының орнын
бірнеше есе көбейтіп қайтаратындай жаза қарастырмасақ, «Қызыл
кітапты» ғана құшақтап қалуымыз әбден мүмкін. (251 сөз)
1- тапсырма. «Қызыл кітап» қорғаған аң - құстарды біз қорғай
алмаймыз ба? Сенің пікірің...
2- тапсырма. Мәтіннің стилін анықтаңыз.
А) публицистикалық стиль
В) көркем әдебиет стилі
С) ресми іс-қағаздар стилі
Д) ғылыми-көпшілік стиль
3- тапсырма. Жоғарыда берілген мәтінге тән стильдік, тілдік
ерекшеліктерді белгілеңіз.
А) ресми сөздер, даяр тіркестер қолданылған
В) образды, эмоционалды, экспрессивті сөздер қолданылған
С) көркемдік тәсілдер, суреттеме құралдары қолданылған
Д) ғылыми терминдер қолданылған
Е) деректер дәлелді, зерттелген
Ж) стильдік қайталау, антитеза қолданылады
4- тапсырма. Мәтіндегі қарамен берілген сөздер қандай
принципке негізделіп жазылған?
А/ морфологиялық принцип
В/ фонетикалық принцип
С/ морфологиялық-фонематикалық принцип
Д/ тарихи-дәстүрлік принцип
7