Page 9 - Оку сауаттылығы 9 сынып
P. 9
арқылы жағдайы төмен, жаман әдеттерге шалдыққан
қолданушыларға көмекке келеді.
Жеке бренд-менеджер. Қазіргі пиар-менеджерлері сияқты белгілі
біреу туралы басқалар арасында жақсы ой қалыптастыруға
тырысады. Қазірде мұндай жұмысшы жұлдыздарда ғана болса,
болашақта әр адамның өз бренд-менеджері пайда болады.
(227сөз)
1- тапсырма. «Мамандықты дұрыс таңдаудың маңызы
қандай?»
2- тапсырма. «Мамандығым - болашағым» соңғы жылдары
кейбір мамандықтарға сұраныс азайып, жаңа мамандықтар
пайда болуда, неге?
3- тапсырма. Он шақты жылдан кейін қандай маман иелері
қажет екенін мәтінге сүйеніп дәлелде.
5- МӘТІН. РОБОТТАР ӘЛЕМІ
Робот - тірі ағзаға ұқсатып жасалған автоматты құрылғы.
Алғаш рет «робот» сөзін чех жазушылары Карел және Йозеф
Чапек 1920 жылы енгізген. «Робот» чехтің «робота» немесе
«робот» сөзінен шыққан «еріксіз еңбек ету» деген мағынаны
береді. Робот қоршаған әлеммен әрекеттескен кезде адамның
(жануарлардың) қызметтері мен қимылын ішінара немесе толық
атқарады. Алғашқы роботтар адамның қозғалысы мен сырт
пішінін қайталады. Қазіргі кезде тұрмыстағы көптеген
қызметтерді атқаратын, қадағалайтын, мүгедектер мен сәбилерге
көмекші, көңілін аулайтын, т.б. роботтар жасалынды.
Интеллектуалдық роботтар да пайда бола бастады. Робот
11